Тоқаев Алматыда қаза болған күштік құрылым қызметкерлердің отбасымен кездесіп, көңіл айтты

Dalanews 12 янв. 2022 13:32 899

Мемлекет басшысы күштік құрылымдардағы қаза болған қызметкерлердің отбасы мүшелерімен кездесті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда қайғылы оқиға кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілердің туған-туыстарымен кездесті.

Мемлекет басшысы қайғыра көңіл айтып, отбасы мүшелерімен әңгімелесті. Оларға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы емханасының травматология бөліміндегі палаталарды аралап көріп, террорлық акті кезінде зардап шеккен азаматтармен әңгімелесті.



 

Рекомендовать
Последние новости