Төлеби ауданындағы ауылдарда су мен жарық тартылып жатыр

Dalanews 27 нояб. 2018 10:51 902

Бүгін аудан әкімі Бауыржан Омарбеков азаматтардың жеке қабылдауда көтерген мәселелері бойынша жұмыс сапарымен Алатау ауылдық округінің Нысанбек елді мекенінде болды.

Алдымен елді мекендегі ауыз су жүйесінің істен шығуын көріп, «Ленгір су» МКК-ның басшысы А. Алтаевқа су құбырының жөндеу жұмыстарын қысқа мерзімде аяқтап, ауыл тұрғындарын толық ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырды.

Төлеби ауданындағы аулдардағы су құбырлары өткен ғасырдың жетпісінші жылдары салынғандықтан олар әбден тозған.

Биыл ауданда ауызсу тарту жұмыстары басталғанда, ауыл тұрғындары бөріктерін аспанға атып қуанған-ды.

– Күніне бір-ақ сағат су беретін. Жақсы жаңалық естіп жатырмыз. Рақмет. Зақамбар ауылына ауызсу тарту жұмыстарына бюджеттен 402 млн теңге қаржы бөлінген. Бүгінге дейін оның 212 миллионы игеріліпті. Қазір бұнда 8 техника мен 35 адам тынымсыз жұмыс істеуде. Олардың 25-сі – ауыл тұрғындары, – деп Зақамбар ауылының тұрғыны Сатыбалды Қожаев аудан басшылығына алғысын айтқан болатын.

Жұмыс сапары барысында аудан әкімі елдімекен тұрғындарының жарық бағаналарына және жолға қатысты сауал, ұсыныстарын тыңдады.

Аудан басшысы тұрғындармен кездесу барысында қойылған сұрақтарға жауаптар беріп, бірқатар мәселелердің шешілетіндігін, бірқатары бойынша тұрғындарға шешімнің заңды жолдарын түсіндіріп, орындау бойынша ауылдық округ әкімі мен тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

 

Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости