Токиода ең биік ғимарат салынады

Dalanews 16 февр. 2016 08:44 1305

Жапон инженерлері болашақта дүниежүзіндегі ең биік ғимаратты тұрғызуға бел буып отыр. Ел астанасы Токиода орналасатын ғимараттың биіктігі 1700 метр болады деп күтілуде. Осылайша жапондар таға да әлем халқын таңғалдыруға оқталуда.  


Бүгінде дүниежүзіндегі ең биік ғимарат Дубайдағы Бурдж-Халифа мұнарасы екені баршаға мәлім. Оның биіктігі 828 метр. Ал жаңадан салынатын ғимарат бұдан да биік болайын деп тұр.


Инженер-құрылысшылар биік ғимаратты Токио қаласының оңтүстік-шығыс жағындағы жағалауда салмақшы. Сондай-ақ, олар алып ғимараттың айналасында бірнеше жасанды аралдар салуды да көздеп отыр. Мамандардың есебінше, ғимарат 50 мың адамға арналады. Биік ғимараттың ішінде тұрғын жайлар, сауда орындары, мейрамханалар, қонақүй, спорт залдар, емхана мен кітапханалар орналаспақ. Осылайша алып үйді мекендеушілер сыртқа шықпай-ақ алаңсыз тіршілік етуіне жағдай жасалмақшы. Ал ғимаратқа қажетті қуат көзі экологиялық таза қуат көзінен алынатын болады.  Kohn Pedersen Fox Associates және Leslie E. Robertson Associates компаниялары құрылыс жұмыстарын 2045 жылға дейін аяқтауды жоспарлап отыр.


Рекомендовать
Последние новости