"Қазақтелеком" Pih Communication LLC еншісіне сай "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС Жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 100%-ын сату жөніндегі мәмілені түйіндеді", делінген инновациялар жөніндегі бас директор Нұрлан Мейірмановтың қолы қойылған "Қазақтелеком" құжатында.
"Шарт 2025 жылғы 14 қаңтарда қатысушының ауысуына байланысты кейінге қалдыру шарттары орындалғаннан және компания қайта тіркеуден өткеннен кейін күшіне енді", — делінген құжатта.
Мәміленің аяқталғаны туралы сүйінші жаңалықпен "Қазақтелеком" АҚ Басқармасының төрағасы Бағдат Мусин желідегі жеке парақшасында бөлісті.
"Министр болған кезімде Қазақстандағы телекоммуникация саласы тым монополияланғанын айтып жүргем. Мемлекет басшысы да экономиканың негізгі салаларын демонополизациялау қажеттігін бірнеше рет айтқан болатын. Бүгін "Қазақтелеком" АҚ "Мобайл Телеком-Сервис" компаниясындағы 100% үлесін Қатардың Power International Holding холдингіне сату бойынша мәмілені аяқтағанын қуана хабарлаймын. Power International Holding холдингі ірі халықаралық ойыншы ретінде Қазақстанның телекоммуникация саласын жаңа деңгейге көтереді деп сенемін. Осындай нағыз бәсекелестік жағдайында операторларға бағаны төмендетіп қана қоймай, сапалы қызмет көрсетуіне тура келмек. Мұндай ашықтық тәсілі нарықта инновацияларға жол ашып, тұтынушылық тәжірибесін жақсартатынын басқа елдерден көруге болады. Біз ашық және бәсекеге қабілетті нарыққа бет алдық, бұдан тұтынушылар мен бизнестің ұтары көп екені сөзсіз", делінген Мусиннің жазбасында.
Айта кетсек, алғаш рет "Қазақтелекомның" Tele2/Altel брендтерімен жұмыс істейтін өзінің мобильді активтерінің бірі — "Мобайл Телеком-Сервисті" (МТ-С) қатарлық инвесторға сататыны туралы 2024 жылдың ақпан айында белгілі болды. 2024 жылдың маусым айында ЦДИАӨМ басшысы Жаслан Мәдиев мәміле сомасы 1 млрд доллар болатынын шамалады (кейінірек бұл соманың 1,1 млрд доллар екені нақтыланды). "Қазақтелеком" 2019 жылдың мамыр айынан бастап жалғыз акционер ретінде МТ-С-ті меншіктеді. Содан кейін ол өзінің серіктесі — Tele2 компаниясынан Khan Tengri Holding B. V бірлескен кәсіпорнындағы үлесін сатып алды.