Тәуелсіздік жемісі. ШҚО мен Нұр-Сұлтан қаласының онкологиялық орталықтары өзара ынтымақтастықты дамытуға келісті

Dalanews 06 дек. 2021 14:56 926

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шорановтың Өскемен қаласына сапары аясында Нұр-Сұлан қалалық Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығы мен Шығыс Қазақстан облыстық көпсалалы онкология орталығы арасында меморандумға қол қойылды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тараптар онкология, радиология және ядролық медицина салаларында ынтымақтастық орнатуға келісті. Келісімге сәйкес екі жақтың іскерлік өзара іс-қимылындағы басым бағыттар белгіленді.

Атап айтқанда, мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру, онкология, радиология және ядролық медицинаның заманауи бағыттары бойынша шеберлік сабақтары мен ғылыми-білім беру бағдарламаларын өткізу.

Сондай-ақ медицинаның жоғарыда аталған салаларында бірлескен зерттеулер жүргізу жоспарланған. Ең бастысы, тәжірибе алмасу және онкологиялық орталықтардың мамандары арасында консультациялар мен телекөпірлер өткізу болып отыр.

Рекомендовать
Последние новости