Таразда көші-қон қызметінің бастығы мен орынбасары ұсталды

Сағыныш Сардарова 11 апр. 2024 09:55 35283

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Таразда көші-қон қызметінің бастығы мен оның орынбасарын ұстады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы ҚазТАГ дереккөздеріне сүйеніп жазды. 

"ҰҚК қызметкерлері Тараз көші-қон қызметінің бастығы мен оның орынбасарын ұстады", - деп жазылған басылым мәліметінде.

ҰҚК әзірге ресми пікір білдірмеді.

Айта кетейік, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жамбыл облысында полиция бөлімшелерінің басшыларына қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын растады.

"Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жамбыл облысы Полиция департаментінің ауданаралық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің бастықтарына қатысты соталды тергеу жүргізіп жатқанын растаймыз", - деп жазылған Антикор хабарламасында.

Қандай бап бойынша тергеу жүргізілетіні нақты айтылмады.


Рекомендовать
Последние новости