"Тақтан тайдырмақ болды...". Пашинян Путинге ескерту жасады

Қаракөз Амантай 23 февр. 2024 15:04 5946

Ресей Федерациясы Армения халқын Үкіметті құлатуға шақырған. Бұл туралы Армения премьер-министрі Никол Пашинян France 24 телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Бірнеше ай бұрын Ресей армян халқын ашық түрде билікті құлатуға шақырды. Бұған байланысты Мәскеудің жүргізіп жатқан үгіт-насихаты әлі де жалғасуда. Мені Армениядағы ресейлік дезертир Дмитрий Сетраковты ресейлік сарбаздардың ұрлап әкеткені қатты алаңдатады. Біз өз аумағымызға бағытталған заңсыз әрекеттерге шыдай алмаймыз. Егер Ереванның талаптары жауапсыз қалса, оның міндетті түрде салдары болады. Арменияның Мәскеу басқаратын ҰҚШҰ-ға қатысуы тоқтатылды", - деді Пашинян.

Еске салайық, бұған дейін Армения премьер-министрі Никол Пашинян Ереванның ҰҚШҰ-ға мүшелігін тоқтатқанын мәлімдеген болатын. France 24 телеарнасына берген сұхбатында ол Арменияға қатысты ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт орындалмағанын атап өтті.

"Біздің ойымызша, Арменияға қатысты ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт, әсіресе, 2021-2022 жылдары орындалмады. Бұл мәселе біздің назарымыздан тыс қалмады. Біз осы шартқа қатысуды тоқтаттық. Ары қарай не болатынын көрейік", - деді Пашинян сұхбатында.


Рекомендовать
Последние новости