Талдықорғандық түйешілер алғашқылардың бірі болып дауыс берді

Dalanews 19 мар. 2023 07:29 788

Талдықорғандық түйешілер өңірде алғашқылардың бірі болып өз таңдауын жасады. 

Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласында нөмірі 419 сайлау учаскесінде бірінші болып дауыс беріп түйеші қауым, бұл сайлаудың елдің бүгіні мен ертеңі үшін маңызды екенін атап өтті.

Бір жағынан Ұлыстың ұлы күнін әспеттеп келген бір топ азаматтар баяндарымен ән шырқап, дауыс беруші халықтың көңіл күйін көтерді.

Солардың бірі, түйе асырауды кәсіп кеткен – Ұлан Байзақов. Соңғы 15 жыл бойы түйе асыраумен айналысып, хоббиге айландырған.


Ұланның айтуынша түйені асырау оңай іс емес, ал осындай биік өркешті төрт түлік малдың иесі болу бір ғанибет дейді. Аптаның демалыс күндері орталық саябақтарға шығарып баларды отырғызып қуныш сыйлау ол үшін үлкен бақыт, ал жалға беру себебі түйенің жем шөбіне дәрі дәрмегіне жұмсайды екен.

"Сайлау ел өміріндегі маңызды күн. Жаңа Қазақстан құру - мына сіз бен бізге байланысты. Таңдау жасау, дауыс беру әрбір азаматтың қастерлі міндеті. Елдің саяси өміріне қан жүгірту үшін мұндай науқандардан қалыс қалмауымыз керек. Сайлаудың әділ, таза өтуі біздердің белсенділігімізге байланысты", – деді ол.

Рекомендовать
Последние новости