Sulpak маңындағы кесілген ағаштар: сот үкімі шықты

Dalanews 24 мая 2021 08:27 754

24 мамырда Алматы қаласының Алмалы аудандық соты Sulpak дүкенінің маңында оталған ағаштарға қатысты іске үкім шығарды. Сотталушы қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл туралы Tengrinews.kzке сілтеме жасап Dalanews.kz хабарлайды.

Алмалы аудандық соты ЖК өкілі Жанна Нұртаеваға қатысты істі ҚР ҚК 339-бабы, 1-бөлігі "Өсiмдiктердің сирек кездесетiн және құрып кету қаупi бар түрлерін жою" бойынша қарады.

"Сот Жанна Нұртаеваны Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 55-бабының 4-бөлігін қолдана отырып, 1500 АЕК мөлшерінде, яғни 4 миллион 167 мың теңге сомасында айыппұл түрінде жаза тағайындады. Айыппұлды төлеу мерзімі заңды күшіне енгеннен кейін екі ай деп белгіленсін", - деді сот.

Естеріңізде болса Sulpak маңындағы кесілген ағаштар жайлы іс қоғамда үлкен дау тудырып, тіпті Алматы қаласының әкімі іске араласқан еді.

Рекомендовать
Последние новости