Су тасқынынан кейін қанша отбасы баспаналы болды?

Сағыныш Сардарова 24 мая 2024 09:51 2588

Су тасқынынан кейін 356 отбасы қираған баспанасының орнына тұрғын үй мен пәтер алды. Бұл туралы Үкіметті айтылды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Үкімет су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген шығынды өтеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

"Бүгінгі таңда 29 625 отбасы 10,7 млрд теңгеден аса сомаға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды, барлығы 30 912 өтінім қабылданды. Бұл жұмыстар Қостанай, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Абай және Ұлытау облыстарында толығымен аяқталды. Жұмыс Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында жалғасып жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Зардап шеккен өңірлерде 8 863 нысан бойынша залалды бағалау жұмыстары аяқталған.

"356 отбасы жаңа үйлер мен пәтерлерге ие болды. 1 472 үй салынып жатыр. 1 389 үйде жөндеу жұмыстарын жүргізуге 5,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. 3 804 отбасы материалдық шығын үшін жалпы сомасы 657 млн теңгеге өтемақы алды", - деп жазылған хабарламада.

Айта кету керек, мал шығыны үшін берілген төлем көлемі 1,6 млрд теңгеге жетті. Келтірілген зиянды өтеу жұмыстары жалғасып жатыр және тұрақты бақылауға алынған.


Рекомендовать
Последние новости