Соңғы жылдары ШҚО-да тарихи туризм қарықынды дамыды

Dalanews 18 июн. 2023 10:13 988

Соңғы 9 жылда Шығыс Қазақстан облысында туризм мен археологияға ерекше көңіл бөлініп, дамудың жаңа сатысына көтерілді. Демалушыларды тек әдемі табиғатпен, емдік су айдындарымен және құмды жағажайларымен ғана емес, сонымен қатар түркі халқының бай тарихи мұрасымен, мәдениетімен, ерекше жәдігерлерімен таныстыру арқылы, труистік әлеуеттің артуына сеп болды, – деп хабарлайды Dalanews.kz ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ШҚО-да Үржар ауданындағы Алакөл көлінің жағалауының туристік инфрақұрылымын жақсарту бойынша ауқымды шаралар қабылданып, іске асты. Туристік өлке облыстар бөлінгенге дейін ШҚО құрамына болды. Кіреберіс және ішкі жолдар жөнделді, көл жағалауы, сауда павильондары орналасқан "Арбат" абаттандырылды. 3700 орындық көрермендер зонасы бар концерттік алаң ашылды.

Сонымен қатар, 2017 жылы Абай ауданындағы Қоңыр әулие үңгірінде туристік инфрақұрылым жақсартылып, Тарбағатай ауданындағы Ырғызбай (әулие) кесенесінің айналасы абаттандырылды. Туризмді дамытуда 2016 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысында археология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасының жүзеге асырылуы үлкен рөл атқарды.

Осы бағдарламаның арқасында Қазақстанның жетекші археологтары Зейнолла Самашев пен Әбдеш Төлеубаевтың жетекшілігімен Шығыс Қазақстанның бірегей археологиялық ескерткіштері – Берел, Шу, Жайдақ, Тәутекелі, Елеке сазы, Шілікті, Ақжайлау, Ақбауыр, Қызыл тас – зерттелді.


Жұмыс нәтижелері бойынша қола дәуірі, ерте темір дәуірі, ерте және кейінгі орта ғасырларды сипаттайтын құнды жәдігерлер анықталды. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қоры 30 мыңнан астам жәдігермен толықты.

Солардың бірі – Катонқарағай өңіріндегі Берел қорымындағы әлемге әйгілі «Алтын патшайым». Бірегей Патшалар алқабында шыны саркофаг тұрғызылды, ашық аспан астындағы мұражай салынды.

Зерттеушілер сонымен қатар Зайсан өңірінің Шілікті алқабынан қорым тапты. Тарбағатай өңірінде біздің дәуірімізге дейінгі VII ғасырға жататын Елеке сазы II қорымының қорымдары, Абай өңіріндегі қола және ерте темір дәуіріндегі Қырықүңгір қорымдары, 18 ғасырдағы Жоңғар бекініс-монастырьі Абылайкиттан табылды.

Зерттеу нәтижелері бүкіл Еуразия кеңістігіндегі ғылыми қауымдастықтарда танылды. Хакім Абайдың тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау, мұражай құру, "Абай әлемі"кітаптар сериясын шығару бойынша  кешенді шаралар жүзеге асырылды.

Рекомендовать
Последние новости