Зерттеу барысында ғалымдар шамадан тыс шу адамның ашуын туғызып, психологиялық күйзеліске ұшырататынына көз жеткізген. Олар еріктілердің қатысуымен тәжірибе жасағанда, автокөліктегі магнитоласынан шыққан шуыл артериялық қысымды арттырып, соңы гипертониялық дағдарысқа дейін әкеп соғатынын ғылыми тұрғыдан дәлелдеді. Ғалымдар шуылдың мөлшері алты децибельден асқан жағдайда адам денсаулығына кері әсер ететінін алға тартуда. Сондықтан жүйкеңізді жұқартпауды ойласаңыз, шулы жерден аулақ жүріңіз.
- DALA INSIDE-қа өту
- USD 528.5
- EUR 548.5
- RUB 5.13