ШҚО. Тарифті жөнсіз көтергендер сазайын тартты

Dalanews 18 июл. 2021 17:25 944

Шығыс Қазақстан көлік прокуратурасымен кәсіпкерлердің жүктерді теміржолмен тасымалдау кезінде кірме жолдарды пайдаланғаны үшін тарифтерді негізсіз көтеру фактілері анықталды, деп хабарлайды Dalanews.kz ШҚО әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Табиғи монополиялар туралы» Заңға сәйкес бәсекелес кірме жол болмаған кезде оны ұсыну бойынша қызметтер көрсететін жолдың меншік иесі уәкілітті органға табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу туралы өтініш беруге міндетті.

Осы тіркелімге енгізілмеген тұлғалардың осы қызметтерді көрсетуіне жол берілмейді.

Алайда «ТАБЫС TRADE» ЖШС темір жол жалғау жолдарының меншік иесі бола отырып, табиғи монополиялар субъектілерін мемлекеттік тіркеуде тұрған жоқ, сондай-ақ контрагенттерден өз жолдарымен жүргені үшін артық төлем алды.

Прокуратураның қабылдаған шараларымен осы ұйым табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізілді.

Сонымен қатар, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Ульба ЖД» ЖШС тарифін 16,3%-қа төмендетті.

Осылайша, көлік прокурорлары 2 жыл бойы кірме жолдарды негізсіз жоғары тарифтер бойынша пайдаланған 18 бизнес субъектісінің құқықтарын қорғады. Аталған кәсіпкерлермен артық төлем сомасы қайта есептелді.

Бизнес субъектілерінің құқықтарын бұзу фактілері туралы Шығыс Қазақстан көлік прокуратурасына (Өскемен қаласы, Увалиева көшесі,4) 8(7232)61-40-69 «жедел желі» телефоны арқылы хабарлауды сұраймыз.

Рекомендовать
Последние новости