Қазақстанның ішкі істер министрлігі шетелде жүрген қазақстандықтарды алаяқтықтың жаңа түрінен құлағдар етті. Қаскөйлер Telegram және WhatsApp-тағы отандастарымыздың чаттарына қосылып, қолайлы шарттар бойынша валюта айырбасын ұсынуы мүмкін, деп жазады Dalanews.kz.
Содан кейін ақша аудару үшін олар криптовалюта сатушылардың немесе дроперлердің реквизиттерін береді, ақша түскен соң хат-хабарларды жойып, едел-жедел чаттардан шығып кетеді.
Мамандар мұндай алаяқтық түрі бүгіндері Оңтүстік Корея, Қытай және АҚШ сияқты елдерде тіркеліп үлгергенін айтады.
"Азаматтарды сақ болуға және күмәнді ұсыныстарды қабылдамауға шақырамыз", - дейді ҚР ІІМ баспасөз қызметі