ҚР Энергетика министрлігі Новороссийск портындағы "Шесхарис" мұнай терминалында тіркелген оқыс оқиғаға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Қазір Атырау – Самара және Ақтау – Махачкала бағыттары бойынша қазақстандық мұнайды қабылдау және тасымалдау штаттық режимде, шектеусіз жүргізіліп жатыр.
Министрлік "Транснефть" компаниясымен тұрақты байланыста. Барлық процесс ведомствоның жіті бақылауында", - деді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми өкілі Әсел Серікпаева.
Бұған дейін Новороссийскіде дрон шабуылы салдарынан "Шесхарис" мұнай базасына зақым келгені туралы ақпараттар тараған болатын.
