Шерзат ісі: Сотталушылардың туыстары үкіммен келіспейтінін айтты

Қаракөз Амантай 05 июн. 2025 17:31

Шерзат Болаттың өліміне байланысты қаралған қылмыстық іс бойынша сот үкімі шыққан соң, сотталушылардың жақындары үкімге наразылық білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Нұрбол және Азамат Тоқтаубаевтың анасы сот процесінің әділетсіз өткенін айтты.

“Бүгінгі шешіммен мүлде келіспеймін. Біз бәрі заң аясында шешіледі деп үміттендік. Бірақ бұл жерде не заң, не әділдік жоқ. “Он үш бала” деп Қаржаубай айтқан сайын, сол он үш баланы теріп жүріп, қамап тастады. Тіпті он алты жастағы кінәсіз баланы да түрмеге жапты. Жарайды, біздің балаларымыз ересек. Бірақ ол жас баланы қорыққаннан ғана кінәлі етіп отыр. Бұл — әділетсіздік. Балалардың тағдыры ойыншыққа айналды”, — дейді ол.

Айта кетейік, бүгін Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот үкімі шықты.

Сот отырысы Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында өтті. Айыпталушылар орындығында тоғыз адам отырды, олардың бірі кәмелетке толмаған.

  • Абзал Шынасыл 23 жылға сотталды.
  • Равиль Сакиев 20 жылға бас бостандығынан айырылды.
  • Азамат Тоқтаубаев 15 жылға бас бостандығынан айырылды.
  • Нұрқияс Ілиясов 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
  • Шыңғыс Белғожаев 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
  • Дархан Әскентай 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
  • Дидар Қалиахмет 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
  • Нұрбол Тоқтаубаев 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Рекомендовать
Последние новости