Шардарадағы мақта зауыты шаруалардың жұмысына серпін береді

Dalanews 09 окт. 2018 09:05 1289

Түркістан облысының Шардара ауданында іргелі мақта өңдеу зауытының құрылысы аяқталуға таяп қалды.

Еліміз бойынша теңдесі жоқ кәсіпорын – Сингапур мен Қазақстанның бірлескен жобасы. Америка мен Қытайдың ең озық технологияларымен жабдықталған зауыт тәулігіне 600 тонна шитті мақта өңдеп, 200 тонна талшықты мақта шығарады. Қазір құрылыс алаңында 300-ден аса адам еңбек етуде.

Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан жобаның жалпы құны – 10 млн. доллары. Зауыттың құрылысы қазан айының ортасында толық аяқталып, пайдалануға беріледі. Ол кезде 150 адамға тұрақты жұмыс орындары ашылады деп жоспарлануда.

Бүгінгі таңда шардаралық шаруалар 25 мың гектар алқаптан ақ алтын теруде. Қазiрдiң өзiнде алғашқы терімді аяқтап қалған еңбеккерлердiң жиын-терiм науқаны күн өткен сайын қарқын алып келеді.

– Жаңа зауыт шикізатты тазалап, кептіріп, одан кейін өңдеп, талшығын бөліп алып, дайын өнім шығарылады. Бүгінгі күні шаруаларға ақша таратып, 10 мың гектарға жуық жерге мақта ектірдк. Келесі жылдан бастап 30-40 млн доллар көлемінде шаруаларға қаржы бөліп, мақта ектіруді жоспарлап отырмыз. Бұдан басқа шарулардың жаңа техникасын алуына да көмек қолымызды созамыз, – деді зауыттың қондырғылар қою бойынша бас маманы Жанғазы Оспанов.

Өз кезегінде Шардара ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Жолдыбай мырза биылғы ауданда 24 500 гектар жерге мақта дақылы егілгенін алға тартты. Сонымен қатар ол жыл өтен сайын жаңа технологиялар ендіру арқылы мақтаның өнімділігі де артып келе жатқанын да тілге тиек етті. Өйткені биыл шардаралаық шаруалар әр гектарына 28 центнерден артық өнім алып, аудан бойынша 70 мың тонна ақ алтын жинауды көздеп отыр екен.

Рекомендовать
Последние новости