Сенат айып тұрағын ақылы ететін заң жобасын мақұлдады. Жүргізушілер неге наразы?

Кәмшат Тілеухан 09 июл. 2025 10:38

Қазақстанда енді автокөлік иелері айыппұл үшін ғана емес, сонымен қатар көлігі айыппұл тұрағында болғаны үшін де ақы төлеуге мәжбүр болады. Сенат заңға енгізілмек осындай өзгерісті мақұлдады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

31 арна автокөлікті эвакуациялау және оның тұрақта тұрғаны үшін нақты қанша ақы төлеуге тура келетінін Алматы және Астана қалалық билігі шешетінін хабарлайды. Әзірге, оның нақты сомасы айқындалмаған, бірақ жүргізушілердің өзі мұндай жаңашылдыққа қазірден наразы.

"Сонда былай болып тұр ғой. Жол полициясының қызметкері: "Көлігіңді айыппұл тұрағына қоямын, ақшасын өзің төлейсің, ары қарай не істейсің өзің біл" дейін деп тұр. Ары қарай өзің жүгіресің, қалтаңда әрине ақшаң болса. Мұның өзі сыбайлас жемқорлыққа жол ашады. Сотқа түсетін жүктемені де арттыруы мүмкін. Әсіресе, бүлінген көлік айып тұрағында 60 күннен аса тұрып қалса", - дейді авто заңгер Михаил Будянский.

"Көлігім – нанымды тауып беріп жүрген дүнием. Онымен мен отбасымды асырауым керек, неге тағы бір төлемді біздің мойнымызға іледі" десе бір жүргізушілер, тағы бірі:  "Мұндай шығынды мемлекет жабуы керек. Кем дегенде үш күні тегін болуы қажет" – дейді кейіп.

Жүргізушілердің пікірінше, көліктің  тұраққа қоюылуына өз кінәсі жоқ болса да ақы төлеттіріп қоюы мүмкін. Жол апаты болды делік, менің емес, екінші тараптың кесірінен, бірақ жағдай даулы. Екеуміздің де көлігіміз ондайда айып тұрағына қойылады. Тергеу жүріп, сот мәселені шешкенше мен қалтамнан ақша шығаруым керек болады ма сонда? Яғни, кінәм болмасада ма?..

Заңда кім мұндай жағдайда төлемнен босатылатыны анық жазылып, көрсетілмейінше бұл арада әлеуметтік шиеленісті жағдай ушыға беретін болады. Мәселен:

  • Аз қамтылған және көп балалы отбасыларға жеңілдіктер болады ма?
  • Егер көлік келесі тараптың кінәсінен апатқа ұшырап, айып тұрағына қойылса, оның ақысын кім төлейді?
  • Ал егер көлік дәлел зат ретінде полицияның шешімі бойынша айып тұрағына қойылса, ақыны кім төлейді?

Сарапшылар мұндай жағдайларды нақты ажыратып көрсетпеген күйде заң қабылданса, көптеген даулы жағдайлар болатынын ескертеді.


Рекомендовать
Последние новости