Сен кімсің, Паскаль?

Dalanews 09 мая 2015 10:25 913

Қазақтың тойы бүгінде сырт елдің әншілерін магниттей тартып тұр. Кубалық зәңгілер, қызуқанды италияндықтар қазақтың бір-екі әнін үйреніп, қазақ әншілерінің ырысына ортақтасып, қазақты сүлікше сора бастағанына біраз жылдың жүзі болды. Қазақтың тойы өз әншілеріміздің ырысы. Оған шетелдің әншісымақтарының қол сұғуына ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жол бермеуі керек еді. Бұған бей-жай қарауға болмайды. Егер осылай енжарлық таныта беретін болсақ, алдағы уақытта жаназа шығаруға сырттан молда-қожа шақыруымыз мүмкін.


Таяуда


КТК телеарнасындағы «Наша правда» бағдарламасына қонаққа келген Сон Паскаль деген әншінің қазақты қаншалықты сыйлайтынын көріп, көзіміз тостағандай болды. Үйінде отырғандай аяқты асып тастап, әңгіме айтқанда Қазақстанды қаншалықты жаман үйге айналдырып алғанымызды көріп, ішіміз удай ашыды. Мұның шегі болуы керек. Арыстанбек мырза барша жұртты ысырапшылыққа ұрындырып, әлеуметтік күйзеліске түсірген тойға тыйым салатын заң дайындауы керек. Егер оған шамасы жетпесе, казақтың тойынан ақшаны күреп тауып жүрген шетелдің әншілеріне салық салып, тапқан табысымен бөлісудің амалын қарастырсын. Егер бұлайша жалпақшешейлікке салына берсек, бір күні Сон Паскальға мәдениет қайраткері атаған тапсыруымыз да мүмкін. Сол кезде Паскаліңіз бізге қалай ән салудың жөн жосығын үйрете бастайтын болады.


Бүгінде ғаламдасудың игілігін көріп отырған өзге елдің әншілерінің әні еліміздегі кафе, мейрамханаларда шырқалған әндері үшін авторлық құқықты алға тартып, ақшасын алып жүр ғой. Сол сияқты бізде олармен заман талаптарын алға тартып, байланыс орнатқанымыз ләзім. Президенттің өзі отандық өнімді қолдау турасында арнайы тапсырма бергені белгілі. Бұл мәселе тек қана экономикаға ғана қатысты болмауы керек. Арыстанбек Мұхамедияұлы өзге елдің әншілеріне салық салу мәселесін көтеріп, бюджеттің бүйірін шығаруға үлес қосуы тиіс.




Шетел әншілері Қазақстанға неге үйір? Олар қазақтың ақшасы мен қыздарына қызығады. Бірақ олар осы бір ойларын биік өнермен бүркемелей беретінін бәріміз білеміз. 



Енді негізгі әңгімемізге қайта оралсақ, өз басым Сон Паскальді әнші деп атамас едім. Гитарасын дыңғырлатып, тойшыл қазақтың қалтасын қағып жүрген қуаяқ деп атаған жөн шығар. Егер ол әнші болса алдымен өзінің Италиясын мойындатып алсын. Содан кейін Қазақстанның табалдырығын аттағаны жөн болар еді. Бүгінгі жаһандану дәуірі осындай диуаналардың ел аралап, құлақты тесер әлаулаймен сауықшыл жұрттың көңілін аулап, қалтасын қағуға қолайлы сәт болып тұр ғой. Ал солардың шашбауын көтерушілер қазақ өнері жаһанданып, жаңа биікке көтерілді деп аңқау елді одан бетер адастыруда.Пас сон


Сон Паскаль Қазақстанның шоу-бизнесінің көшін өрге сүйреп, жаңа деңгейге (Паскальда деңгей бар ма еді) көтерді деп айтуға аузың бармайды. Ол қазақ өнерін өшірмесе, өсірмейтіні анық. Италия мен Британиядан тиянақ таппаған (олар мұндай диуананы қайтсін) Паскаліңіз Қазақстаннан өзі аңсаған «жерұйығын» тапқандай. Бірді-екілі фильмге түсіп, азды-көпті танымалдыққа ие болған Әнуар Нұрпейісов деген не әнші, не актер екені белгісіз бір жігіт бар. Көңілі қалмасын, өнер адамы деп айтайықшы (Паскальға еншілеп берген атақты Әнуардан аяймыз ба?). Сол мың болғыр осы Сон Паскальды иын иектеткендей иектеп, елімізге үйір қылып, тегін продюсерлік қызметін ұсынып жүрсе керек. Шамасы Әнуар әншілік пен актерліктен таппаған тиянақты Сон Паскальды баптап табуды көздесе керек (шындығында Әнуардың өзіне бір продюсер керек-ау). Италияның маңдайына сыймаған сері жігіт жарты әлемнен таппаған продюсерін Қазақстаннан тапқанына таңғалдық. Паскаль пақырыңыздың шырылдауық шегіртке сияқты ән салып жүргеніне біраз уақыттың жүзі болды. Бірақ жұрттың назарын аударатындай хит әндер тудырып, жұртты дүр еткізгенін көрмедік. Ол қазақ шоу-бизнесінде бетегеден биік, жусаннан аласа болып, талай тойға қатысып, талай қара көздерімізге көзін сүзгені анық. Осы ретте мына бір мәселенің бетін ашып алған жөн шығар. Шетел әншілері Қазақстанға неге үйір? Олар қазақтың ақшасы мен қыздарына қызығады. Бірақ олар осы бір ойларын биік өнермен бүркемелей беретінін бәріміз білеміз.




Бірді-екілі фильмге түсіп, азды-көпті танымалдыққа ие болған Әнуар Нұрпейісов деген не әнші, не актер екені белгісіз бір жігіт бар. Көңілі қалмасын, өнер адамы деп айтайықшы (Паскальға еншілеп берген атақты Әнуардан аяймыз ба?). Сол мың болғыр осы Сон Паскальды иын иектеткендей иектеп, елімізге үйір қылып, тегін продюсерлік қызметін ұсынып жүрсе керек. Шамасы Әнуар әншілік пен актерліктен таппаған тиянақты Сон Паскальды баптап табуды көздесе керек (шындығында Әнуардың өзіне бір продюсер керек-ау).



Қазақтың тобықтан ұрып, сүріндіретін әлсіз жерлерін айдай әлемге көрсетуді мақсат тұтқан «Наша правда» бағдарламасында Сон Паскаліңіз қазақ шоу-бизнесін өрге сүйреп жүрген Баян Есентаевамен сөз таластырып, соңында студиядан қуылғанына куә болдық. Баянымыз аяқты асып тастаған әншісымаққа ескерту жасап, шетелдік әншіні қатты ренжітіп алғаны белгілі. Өз кезегінде өз дүниесінен гөрі өзгенің қаңсығын артық көретін біршама жастар Сон Паскальды жақтап сөйлегенін көргенде әлі біраз уақытқа дейін шетелдің әншісымақтарына жем болатынымызды байқап, зығырданымыз қайнады. Осы ретте ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек ағамыз арыстандай ақырып, Сон Паскальды Қазақстанды сыйламағаны үшін елден қуып шықса қандай жарасымды болар еді. Сонда ел болып Арекеңді арыстанға теңер едік.


Нұрлан ЖҰМАХАН.


 

Рекомендовать
Последние новости