Сайрамда облыстық «Эрудит» интеллектуалды ойыны өтті

Dalanews 14 нояб. 2024 10:28 517

Сайрам аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ ұйымдастыруымен Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдығына орай, білім мен зияткерлікті дамытуға арналған облыстық “Эрудит” интеллектуалды ойыны өтті,  деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

Шараға Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы “Жастар ресурстық орталығы” КММ басшысы Ернар Бектаев, аудандық мәслихат депутаттары қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жобаның мақсаты – жастардың білімге құштарлығын оятып, ой-өрісін кеңейту, логикалық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, өзара қарым-қатынас пен командалық жұмыстың маңыздылығын ұғындыру. Интеллектуалды ойынға облыс аумағындағы аудан, қалалардан және аудандағы түрлі мекемелерден келген 15 команда қатысты. Бес кезеңдік сайыста қатысушылар тарих, әдебиет, спорт, ұлттық дәстүрлер, логикалық тапсырмалар сияқты түрлі салалар бойынша сынға түсті.

Жарыс нәтижесінде Созақ ауданының “Теріскей” командасы жеңімпаз атанса, 2 орынға облыстық “Жастар ресурстық орталығының” “Алаш” және Келес ауданының “Келес” командалары жайғасты. Ал, үздік үштікті Сайрам ауданының “Бәйтерек” командасы қорытындылады. Сонымен қатар, Сарыағаш ауданының “Конина Power” командасы “Үздік талпыныс” номинациясын жеңіп алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.


Рекомендовать
Последние новости