Риддерде олигархтардан тәркіленген ақшаға аурухана салынып жатыр

Көркем Алдабергенова 03 июн. 2025 13:31

Бас прокуратураның Активтерді қайтару комитеті активтерді қайтару және оларды заңды экономикалық айналымға одан әрі тарту бойынша жүйелі және дәйекті жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды Dalanews.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет республика бойынша 333 әлеуметтік нысан салуды мақұлдады.

Бұл бастамалар аумақтарды дамытуға кешенді көзқарастың бір бөлігі болып табылады және өңірлердегі өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған.

Біздің өңірде қайтарылған қаражат есебінен денсаулық сақтау және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту салаларындағы (Өскемен және Риддер қалаларында, Ұлан және Шемонаиха аудандарында) 7 әлеуметтік нысанның құрылысы мақұлданды. 

Мысалы, Риддер қаласында аурухана кешенінің құрылысы 2021 жылдың желтоқсанында басталды. Жобаның жалпы құны - 34,8 млрд теңге, оның 11,8 млрд теңгесі медициналық жабдыққа бөлінген. 

Қаржыландырудың болмауына байланысты жұмыстар тоқтатылды. 

2024 жылы прокуратура органдарының жұмысының арқасында арнаулы мемлекеттік қордан қайтарылған активтер есебінен объектінің құрылысын аяқтауға 28,1 млрд теңге мөлшерінде ақшалай қаражат бөлінді. 

Кешенге жалпы ауданы 40 106,84 м2 үш ғимарат кіреді: 

1. Стационар (5 блок, 3-5 қабат, жалпы ауданы29 563,36 м2) — дайындық 40%;

2. Емхана (5 блок, 4 қабат, 400 ересек және 100 балаға, ауданы 9 991,2 м2) - дайындығы 85%;

3. Ас блогы (1 қабат, ауданы 627,76 м2) — дайындығы 92%. 

Бүгінгі таңда емхана бойынша қаңқа мен қасбет аяқталды, соңғы кезеңде әрлеу жұмыстары, сантехника, кіру тобының құрылғысы аяқталды. 

Стационар бойынша 100% Б блогында (3 қабат), А блогында (5 қабат) — 60% жұмыстар орындалды. Монолитті жұмыстар жүргізілуде, сыртқы қабырғаларды қалау, бөлімдер салу, әрлеу және қасбеттік жұмыстар басталды. Нысанда 300 адамжұмыс істейді. 

Аяқталу мерзімі - осы жылдың соңы.


Рекомендовать
Последние новости