Рысқұловтың саяси күресі – Түркі тілдес мемлекеттер ұйымының жандандыруда таптырмас тәжрибе

Нұрлан Жұмахан 26 февр. 2024 11:15 3753

Тарихи кезеңдерге толы ХXX ғасыр да жыл өткен сайын бізден алыстап барады. Сол ғасырдың басында патшалық билік құлап, коммунистік билікке негізделген Кеңес өкіметі орнап, оның қалыптасу жылдары да тарихи оқиғаларға, саяси күрестерге толы болды. Сол кезеңде Қазақ халқының мүддесін қорғаған Алаш арыстары мен жекелеген ұлт қайраткерлері саясат сахнасына шығып, ел үшін, жер үшін, ұлт үшін тартыстың таласына түсіп, сол жолда жандарын да пида етті. Сондай арда туған ерлердің ішінде мемлекет және қоғам қайраткерлері Тұрар Рысқұловтың алар орыны ерекше. Биыл арда туған азаматтың 130 жылдық мерейтойын тойлауды көздеп отырмыз.  

Жыл басынан бері тарихи тұлғаның мерейтойына орай түрлі іс-шаралар жоспарланып, ұйымдастырылуда.  Алдағы уақытта Рысқұловтың мерейтойына орай, кіндік қандары тамған Жамбыл облысында конференциялар мен түрлі іс-шаралар өтеді деп күтілуде.  

Ұлт қайраткерінің халық үшін сіңірген еңбегі өте зор. Сондықтан оған қандай құрмет көрсетсек те жарасады.

Ел үшін туған асыл азамат тұтас түркі халқының саяси-экономикалық бостандығы үшін күрескен тұлға десек артық айтқандық болмас еді. Сондықтан Тұрар Рысқұловтың 130 жылдық мерейтойы елімізді былай қойып, түркі тілдес өзге елдерде тойланып жатса, таңқалмамаймыз!

Білікті түркітанушы, дипломт, Халықаралық Түрік академиясының президенті, сенатор Дархан Қыдырәлі мырза өз сөзінде Тұрар Рыскұловтың үлкен масштабтағы таризхи тұлға екенін айшықтап айтып бергені есімізді. Ол:

– Осыдан бірмаша уақыт бұрын Моңғолияға сапарлап барғанымда Моңғолия ұлттық академиясының президенті және Моңғолия парламентінің басшылары жоғары бізді деңгейде қарсы алған еді. Сол сапарда кезінде министр болған, бүгінде республика мұрағатының бас маманы Чулуун Дашдаваа мырза өзінің баяндамасында: «Қазіргі Монғолияның негізін қалаушы, Ата заңын жазып берген Тұрар Рысқұлов екенін мұндағылардың бәрі мойындап отыр. Біз бұл елден Рысқұловқа қатысты бір жарым мың беттен тұратын құжатты алып келдік» деп айтқан еді. Осыдан-ақ Тұрар Рысқұлов есімі Моңғолияда арадақты есім екенін байқауға болады, – деген болатын Дархан Қыдырәлі.

Ал Тараздағы Жүсіп Баласағұн атындағы университтетің Түркістан өлкесі тарихи зерттеу орталығының директоры Ордалы Қоңыратбаев Қазақ мемлекетінің қалыптасуында Тұрар Рысқұловтың саяси сипатына нақтылай тоқтала келіп:

– Біздің орталық «Түркістан бюросы егемендік идеясының жаршысы» деп аталатын кітапты жарыққа шығардық. Бұл – кітапқа материалдар жинау оңай болған жоқ. Мұнда Тұрар Рысқұловтың бюроны кұруы мен оның жұмысы жайында кеңінен айтылған. Бірақ бір жылдан кейін осы бюроны өзі жапты.

Алайда бюроның түркі халықтарының мүддесін қорғаудағы ролі зор. Кеңестер Одағында бұрын-соңды мұндай ірі мұсылман ұйымы болған емес. Саясатқа ықпалы да күшті болған. 1920 жылы Тұрар Рысқұлов Мәскеуге барып, Ленин мен Сталиннен Түркістанның егемендігін талап еткен. Өкінішке қарай, ол өзінің идеясын өткізе алмаған соң, отставкаға кетуге мәжбүр болды. Жалпы, Мұсылман бюросы туралы Тәшкент мұрағатында әлі де құпиясы ашылмаған құжаттар бар. Сәті түскен кезде сол құжаттарға да қолымыз жетер деп отырмыз, – дейді майталман зерттеуші.

Міне, Ордалы Қоңыратбаевтың осы сөзінен-ақ Тұрар Рысқұловтың көздеген мақсаты қаншалықты ауқымды болғанын байқауға болады.

Сөз жоқ, Рысқұловтан кейін Ресейде түркі тілдес елдердің мүддесін көздейтін Түркістан бюросы сынды іргелі ұйым құрылмағанынын ескерсек, түрікшіл саяси тұлғаның көздеген мақсаты, саяси амбициясы қаншылықты ауқымды болғанын анық байқауға болады. Ол бұл жолда жан аямай күрескенін бәріміз білеміз. Осы жолда жанын пида етті.

Бүгінде Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің саммиті ұйымдастырылып, Рысқұловты көздеген мақсат-мүддесі қайтадан көгеріп, көктеуде. Аталған кеңестің өрісін кеңейтіп, жұмысын жандандыруда Тұрар Рысқұловтың саяси күрес тәжірибесін басшылыққа алудың маңызы зор деп есептейміз.

Қазіргі таңда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та Түркі тілдес мемлекеттер ұйымының қуатты ұйымға айналуы үшін бар-күш жігерін жұмысап келеді. Президентіміз Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VIII саммитінде сөйлеген сөзінде тамыры бір, тарихы ортақ елдердің ауызбіршілігін арттыра түсудің маңызына тоқталғаны есімізде.

– Біз осы кезеңде іргемізді бекітіп, еңсемізді тіктедік. Мемлекеттеріміздің арасындағы достық қатынасты нығайта түстік. Биылдың өзінде екі рет бас қосып, жоғары деңгейде Саммит өткіздік. Бұл – мызғымас бауырластығымыздың айқын көрінісі. Қазақта «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген ұлағатты сөз бар. Осы жерде жиналған елдердің жоғары деңгейдегі өкілдерінің ниеті түзу. Біз барлық мемлекеттерді ынтымақтастыққа шақырамыз, сондықтан бүгінгі басқосу тамыры бір, тарихы ортақ елдердің ауызбіршілігін арттыра түсері сөзсіз, – деді Қазақстан президенті.

Президент сөзінен Тұрар Рысқұловтың арман-мақсаты қайтадан бүр жарып, түркі тілдес халықтардың достығы арта бастағанын байқауға болады. Республика көлемінде тойланатын Рұсқұловтың 130 жылдық мерейтойы Түркі тілдес мемлекеттер ұйымының жұмысын жандандырып, жаңа кезеңге шығаратыны анық. Лайым солай болғай.


Рекомендовать
Последние новости