Ресейдің ыдырауын Қадыров қалай жеделдетуде?..

Dalanews 09 янв. 2023 12:37 1000

Ресей Украинаға соғыс ашып, басып кірген күннен бастап, Ресей мемлекеттілігі шытынай бастады. Ал Путиннің сөзіне құлақ асатын болсақ, бәрі жоспарға сай жүріп жатыр. Шынымен де солай ма?

Айналасы бір аптада аяқталады деген соғыстың жүріп жатқаны бір жылға таяп қалды. Демек ештеңе Путин ойлағандай жүзеге асып жатқан жоқ.

Ресей Путиннің арқасында құрдымға құлап бара жатқаны анық.

Әрине, Ресей бір жылда ыдырап кетпейді. Бұл үрдіс ондаған жылға созылуы мүмкін.

Бірақ империяның құрдымға құлап бара жатқаны анық. Дәл қазір Ресейде құқықтық мемлекет деп айтуға аузың бармайды. Мемлекеттік институттар деградацияға түсіп, бапаққа батқан. Патышалы Ресейдің кезінде ешкім түрмелерді аралап, "зектерді" темір тордың ар жағынан суырып алып, соғысқа салмағаны анық.


Ресей әскері Украина жерінде алқынып, өзінің әскери қуатының қаншалықты әлсіз екенін айдай әлемге паш еткеннен кейін, соғыс сахнасына Қыдыров пен Пригожин шықты. Бұл екеуі реті келгенде Ресей қарулы күштерінің басшыларын жерден алып, жерге салып сынайтын болды. Бірақ екі мықтының басқалар сияқты жауапқа тартылғанын көрмедік. Ал қарапайым халық орыс әскері жайында аз ғана сын айтса, темір тордың ар жағынан бірақ шығатыны белгілі.

Ресейдің ыдырауына қатысты негізгі әңгімемізге қайта оралсақ. Биыл Путин жүздеген журналистің басын қосып өткізетін дәстүрлі баспасөз мәслихатын өткізген жоқ. Оған Украина жеріндегі Ресей әскерінің жеңілісі себеп болғаны анық.

Есесіне Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров журналистер мен кездесіп, жылды қорытындылап баспасөз мәслихатын өткізді. Осылайша Қадыров Кремльге Ресейдің ыдырай бастағанын айқындап айдай әлемге белгі берді.

Бұл жерде Рамзан Қадыровтың баспасөз мәслихатында не айтқаны маңызды емес. Маңыздысы баспасөз мәслихатын өткізгені болып тұр. Бұл – Қадыровтың Кремльге бағыттаған месседжі болғаны анық.


Соғыс басталғалы бері Рамзан Қадыров өзін Ресейден бөлек елдің басшысы ретінде сезінуде. Оның өз сарбаздарымен бірге майдан шебіне барып, қара көрсетуі, Қорғаныс министрі Сергей Шойгу мен Бас штабтың бастығы Валерий Герасимовке қарсы сын айтуы көп жайтты аңғартса керек.

Мобилизация кезінде «шешендер соғысқа көп әскер жіберіп норманы орындады» деп ел ішінен әскер жинауды шорт кескенін білеміз.

Қадыровтың еркін әрекетке көшуі бұл Ресей мемлекеттілігіне сына қағылғанның белгісі деп қабылдау керек. Ал тасқа түскен сына тасты бөлшектеп тынатыны анық.

Рекомендовать
Последние новости