Ресей БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Сирия жөніндегі қарарына вето қойды

Dalanews 13 апр. 2017 04:58 812










Ресей БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Сириядағы Башар Асад режимінің химиялық қару қолданғанын айыптайтын қарарына вето қойды. Ресей Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі болғандықтан, батыс елдері ұсынған қарар жобасы өтпей қалды.





Қарар Сирия билігінен оқиға болған күні жасалған барлық әуе операциялары туралы мәлімет беруін талап етеді. Батыс елдері дайындаған құжатты қабылдауға қажетті он дауыс жиналды. Соған байланысты Ресей өкілі Владимир Сафронков вето қойды. Ресей Башар Асад жүйесінің Сириядағы әрекеттерін сынайтын қарарға осымен жетінші мәрте вето қолданып отыр.

Құжатқа Қауіпсіздік кеңесінің он мүшесі қолдап дауыс берді, екеуі (Ресей және Боливия) қарсы шықты, үшеуі, солардың ішінде Қытай қалыс қалды.

Ресей химиялық қаруды Сирия оппозициясы қолданды деп есептейді. Бірақ АҚШ әскери қылмысты Асад жүйесі жасағанын дәлелдейтін айғақтар бар деп отыр.











Рекомендовать
Последние новости