ҰҚК Қызылорда және Маңғыстау облыстары бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен Таяу Шығыс өңірінен Қазақстан Республикасына есірткі заттарын жеткізу арнасының жолын кесті,- деп хабарлайды Dalanews.kz.
Биыл 21 маусымында Маңғыстау облысында 10 келі гашиш өткізу кезінде Қазақстанның 2 азаматы ұсталды.
Тінту барысында олардан 50 грамм апиын, 4 000 АҚШ доллары және 4 млн теңгеден астам қаражат алынған.
Есірткі арнасын ұйымдастыруда түзеу мекемесінде осындай қылмыс жасағаны үшін ұсталудағы шетелдік азамат күдіктенеді.
Сотталғанның жойылған есірткі арнасына қатыстылық фактісі Қызылорда облысы юойынша ҚАЖД-ның көмегімен құжатталды.
Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.