Қолма-қол ақшаға көшу: Министр соңғы жағдайларға байланысты пікір білдірді

Қаракөз Амантай 30 янв. 2024 13:15 2015


ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мобильді аударымдардан бас тартып, қолма-қол ақшаға көшу үрдісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.


Министрдің айтуынша, бұл кәсіпкерлердің жағдайды толық түсінбеуінен туған уақытша тренд.



“Біз ашық жұмыс істегіміз келеді, мұнда кәсіпкерлердің өз елі үшін жасау керек деген ой-санасы маңызды. Заңсыз жұмыс істеуге болмайды. Қазақстан - әлемдегі қаржылық технологиялар мен мобильді аударымдар тұрғысында цифрландырылған ел” - дейді Қуантыров.



Сонымен қатар ол еліміздің цифрландыру деңгейіне АҚШ-тан және Еуропадан келген шетелдіктер таңғалатынын атап өтті.


Қуантыров шағым айтатын жағдайда Қаржы министрлігіне жүгінуге болатынын еске салды. Дегенмен Ұлттық экономика министрі жағдай түзеліп келетінінталға тартты.



Рекомендовать
Последние новости