Алматыда Әшімовтің құрметіне мәдени орын ашылмақ

Қаракөз Амантай 30 янв. 2024 13:51 3165


Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтің құрметіне орай Алматыдағы мемлекеттік архивте “Кино және театр тарланы – Асанәлі” музей-бұрышының салтанатты ашылуы өтеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.


Өнер иесі өзінің қолжазбаларын, ордендерін және өзге де заттарын архивке тапсырмақ.



“Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан және КСРО халық артисі, КСРО және ҚР мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Қазақстан театрлар ассоциациясының президенті, театр педагогі, профессор Асанәлі Әшімов өзінің қолжазбаларын, марапаттарын, фотоальбомдарын, сыйлықтарын, кітаптарын, ордендерін, төсбелгілері мен басқа да жеке заттарын ресми түрде Мемлекеттік архивке тапсырады” - делінген Алматы қалалық Мәдениет басқармасының мәліметінде.




Рекомендовать
Последние новости