Қоғамдық орында кальян шеккендер жазаланып жатыр

Сағыныш Сардарова 18 нояб. 2024 17:45 197

Полиция қоғамдық орындарда кальян шеккен азаматтарды жазаға тартып жатыр, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ақтөбеде де полицейлер қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салу туралы заңды бұзғандарды ұстады. ІІМ мәліметінше, рейд барысында танымал демалыс орындары мен ойын-сауық орындары тексерілген. Бір күнде полицейлер облыс орталығының ойын-сауық орындарында 10-нан аса деректі тіркеді.

"Рейдтік іс-шаралар нәтижесінде 4 әкімші және кальян шеккен 7 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұлдардың жалпы сомасы 600 мың теңгеден асты. 18 кальян тәркіленді", - деп жазылған хабарламада.

Елімізде кальян шегуге салынған тыйымға қатысты заңбұзушылықтарды анықтауға бағытталған рейд жалғасып жатыр.

Полиция азаматтарға заңды сақтауға, тыйым салынған және денсаулыққа зиян заттарды пайдаланудан бас тартуға шақырады.

Айта кетейік, бұған дейін де ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салынғанын еске салды.

"Қоғамдық орындарда кальянға тыйым салынады, рейдтер жүргізіліп жатыр. Анықталған жағдайда кінәлілер жауапқа тартылады. Егер мұндай заңбұзушылыққа куә болсаңыз, 102 телефонына хабарласып, хабарлаңыз, полиция келіп, тиісті шара қолданады", - деді Әлекешев.


Рекомендовать
Последние новости