Қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді

Dalanews 04 июн. 2024 14:38 2215

Мемлекет тарапынан азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуы мен сеніміне ерекше басымдық беріледі.


Бұл ретте, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаменттері көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне және шешімдеріне қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.


Осылайша, ағымдағы жылы көрсетілетін қызметті алушы азамат Г. жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру мемлекеттiк көрсетілетін қызметінің талаптары бұзылғандығына шағымданған.
Көрсетілетін қызметті беруші «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының» тіркеу және жер кадастры бойынша бөлімдері болып табылады.


Осы орайда, Агенттіктің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен қабылданған шаралар негізінде көрсетілетін қызметті алушыға жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты қайта ресімделіп, бұзылған құқықтары қалпына келтірілді және кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.


Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті


Рекомендовать
Последние новости