Қызылордада мамыр айында әлеуметтік нысандардың бірқатары пайдалануға беріледі

Ақтоты Жапатова 17 апр. 2025 16:44 619

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қала аумағындағы құрылыс нысандарын аралады, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Аймақ басшысы алдымен «Көрме залы» орталығының құрылыс алаңына барды.

Одан кейін нан, кондитерлік және макарон өнімдерін өндіретін кешендегі жұмыспен танысты. Бұл жобаға мемлекеттік қолдау ретінде 5 гектар жер беріліп, су және кәріз жүйелерін жеткізуге қаржы қарастырылған. Жобаның І кезеңі биыл іске қосылады. Қазіргі таңда жұмыстың 80 пайызы орындалған. Нысанда 30-дан астам жұмысшы еңбек етуде, 10-нан астам техника бар.

Сол жағалаудағы жаңа стадионның шығыс және батыс трибуналарының металл конструкциялары орнатылып, қабырғалары мен ішкі бөліктері, сыртқы витраждары қалануда. Жылу, су, электр, желдету желілері тартылуда. Қазіргі кезде футбол алаңын жабдықтау және аумақты абаттандыру жұмыстары қолға алынған.

Физика-математика мектеп-интернатында ішкі әрлеу жұмыстары аяқталуға жақын. Нысанда техникалық жабдықтау мен аумақты абаттандыру қатар жүргізілуде. Құрылыс басында 150 жұмысшы мен 20 техника бар.

 


Рекомендовать
Последние новости