Қытай Қазақстанға 7,5 миллиард теңге бөлмек

Сағыныш Сардарова 22 авг. 2025 14:46

Қытай Қазақстанға 7,5 миллиард теңге бөлмек, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан мен Қытай арасында келісімге қол қойылған болатын. Бұл құжатты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жариялады.

Келісім-шарт талаптарына сәйкес Қытай Қазақстанға 100 миллион юань (7,5 миллиард теңге немесе шамамен 14 миллион доллар) көлемінде грант береді. Қаражат Қазақстан Республикасының ғарыш саласын дамытуға бағытталады.

Қаулы жобасы 24 тамызға дейін қоғамдық талқылауда болады.

 


Рекомендовать
Последние новости