ҚБТУ ғимараты мемлекет меншігіне өтті

Сағыныш Сардарова 30 янв. 2026 09:25

Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) орналасқан ғимарат мемлекет меншігіне өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алматыдағы университет ғимаратын NNEF қоғамдық қоры өз еркімен және өтеусіз негізде мемлекетке берді.

Құжатқа сүйенсек, ҚБТУ акциялары бұрынғыдай NNEF қорының меншігінде қала береді. Қазір қор Алматы қаласының әкімдігімен ғимаратты университетке сенімгерлік басқаруға беру мәселесі бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр.

NNEF қорының мәліметінше, ҚБТУ-дың тарихи ғимараты Алматы мен Қазақстан үшін маңызды мәдени нысан саналады. Осыған байланысты ғимараттың мемлекеттік меншікке өтуі оны ұзақ мерзімге сақтау мен ұқыпты басқаруға бағытталған шешім ретінде бағаланып отыр.

Сонымен қатар, қор мен ҚБТУ техникалық білім беру саласындағы позициясын күшейтуге арналған даму стратегиясын іске асырып жатыр. Бұл жоспар аясында студенттер мен оқытушыларға қолайлы жағдай жасайтын жаңа оқу кампусын салу көзделген.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove