«Қазақтелекомның» бір операторы сатылады, инвестормен келіссөз жүріп жатыр - Үкімет

Dalanews 18 янв. 2024 06:39 1020

Бұл жайында Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысында айтылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қатысушылар «Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобын демонополизациялау барысын талқылады.

Атап айтқанда, мобильді операторлардың бірін бәсекеге қабілетті нарыққа шығару процесі қарастырылды. Қазіргі уақытта әлеуетті шетелдік инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп жатқаны айтылды.

"Жалпы бұл шара халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттырып, телекоммуникация саласының дамуына оң әсерін тигізеді деп күтілуде", - делінген Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Премьер-Министр бұл бағыттағы жұмысты жеделдетуді тапсырды.

Отырыста сондай-ақ химия өнеркәсібіндегі және басқа да салалардағы бірқатар кәсіпорынның жұмысы талқыланды.

Рекомендовать
Последние новости