Қазақстанда сұйытылған газ қымбаттайды

Көркем Алдабергенова 23 июн. 2025 11:32

Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газының көтерме шекті бағасын тоннасына 51 932 теңге көлемінде белгілеуді ұсынып отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы тиісті жоба «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Құжатқа қатысты қоғамдық талқылау 2025 жылғы 24 маусымға дейін жалғасады.

Жаңа бұйрық қабылданса, сұйытылған газдың бағасы қазіргі 45 158 теңгеден 15%-ға өседі. Жаңартылған тариф 2025 жылғы 1 шілдеден бастап 31 желтоқсанға дейін күшінде болады.

Автогаз - көлік отыны ретінде қолданылатын сұйытылған мұнай газы. Ол әдетте пропан мен бутанның қоспасынан тұрады және қысыммен сақталады. Бұл отын түрі бензин мен дизельге қарағанда арзан әрі экологияға зияны аз балама ретінде танылған.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан үкіметі сұйытылған газды шетелге экспорттауға тағы алты айға тыйым салған болатын.


Рекомендовать
Последние новости