Қазақстанда рубльге деген таза сұраныс бойынша антирекорд орнады - DATA HUB

Кәмшат Тілеухан 27 мар. 2025 13:33 492

Ақпан айында еліміздің ақша айырбас орындарда Ресей валютасының нетто-сатылымы теріс мәнге ие болды:  -12,5 млрд теңге. Бұл дегеніміз ақша айырбас орындарының рубльді сатқаннан гөрі оны тұтынушылардан көбірек сатып алғанын танытады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Айтқанда, қаңтарда да көпшілік рубльден тезірек құтылуға тырысқан, бірақ ол кезде таза сұраныс 9,5 млрд теңгені ғана құрады. Ал ақпан айындағы көрсеткіш одан да асып түсіп отыр. Бұл 2020 жылдың басынан бергі жоғары теріс көрсеткіш   (соның ішінде доллармен есептелгенде). Халықтың рубльді белсенді түрде сатуына, негізінен, Ресей валютасын нығаюы түрткі болды. Ақпан айының қорытындысы бойынша  1 рубльдің орташа бағамы 5,47 теңге болады, бұл - қаңтардағыдан бірден 6%-ға жоғары көрсеткіш", деп жазады DATA HUB Ұлттық Банк мәліметтеріне сілтеме жасай отырып.

Биылғы екі айда доллар мен евро саудасы қалай жүрді?

Ақша айырбас орындарында америкалық доллардың нетто сатылымы 175 млрд теңгені құрады, бұл - теңгемен есеп айырысу кезінде қаңтардағы көрсеткіштен 45%-ға артық көрсеткіш. Ақпан айында біздің ұлттық валютамыздың долларға шаққандағы орташа бағамы, біршама жақсарған. Қаңтарда 1 АҚШ доллары 524, 67 теңге болса, ақпанда ол 506,03 теңгеге дейін төмендеді.

Евроның нетто-сатылымы - 33,1 млрд теңге, бұл - қаңтардағы көрсеткіштен 5% кем,  бірақ сонда да ол көп болып саналады, себебі бір жылдың барысында евро сатылымы 57%-ға артқан.  Еуропалық валюта бағамы, доллар сияқты, ақпан айында қаңтарға қарағанда төмен болды (526,82 тг,-3%).

Бұған дейін сайтымызда "Қазақстанда рубль сатылымы соңғы екі жылда рекордтық көрсеткішке қол жеткізді" деген мақала жарияланған.


Рекомендовать
Последние новости