Қазақстанда қоғамдық кеңістіктер жасанды интеллект көмегімен тәулік бойы бақыланады

Асель Қайратқызы 20 окт. 2025 14:50

Премьер- Министрдің орынбасары- ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев «Ұлттық бейнебақылау жүйесін» енгізу жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

-Біз бейбітшілік, әділдік және институттардың тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін заманауи технологияларды, әсіресе құқықтық қызметтерді жақсартуға, құқық қорғау органдарының тиімділігін арттыруға және азаматтардың құқықтарын қорғауға көмектесетін жасанды интеллектіні пайдалану қажет екенін түсінеміз,- деді Мадиев Қазақстан Республикасындағы тұрақты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуын мониторингтеу жөніндегі Парламенттік комиссияның XI отырысында.

Оның айтуынша, бұл бағытта Министрлік құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып ауқымды жұмыстар жүргізуде. Азаматтардың құқықтық ақпаратқа қолжетімділігін жеңілдететін, заңгерлік сұрақтарға жедел әрі нақты жауап беретін «Құқықтық кеңес беретін ЖИ- агент» сияқты шешімдер іске асырылуда.

Болашақта қоғамдық кеңістіктерді тәулік бойы бақылауды қамтамасыз ететін жасанды интеллектіні қолданатын «Ұлттық бейнебақылау жүйесін» енгізу жоспарланып отыр.

-Жүйе бет-әлпеттерді, көлік нөмірлерін автоматты түрде таниды, сондай- ақ күдік тудыратын жағдайларды (төбелестер, адамдардың жаппай жиналуы, қалдырылған заттар) анықтап, бұл қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттырып, құқық қорғау органдарының жедел әрекет ету мүмкіндігін күшейтеді,- деді министр.


Рекомендовать
Последние новости