Қазақстанда мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды

Қаракөз Амантай 20 февр. 2024 10:25 2085

Павлодар облысында полиция мемлекетаралық іздеуде жүрген азаматты анықтады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Павлодар облысы Успен ауданының полициясы мен шекара қызметі мемлекеттік шекараны өту кезінде құқық қорғау органдарының күзетшілеріне күдік туғызған ер адамды тоқтатты. Ер адам күдікті әрекет етіп, артына қарай берген.

"Тексеру кезінде ер адамның көрші мемлекеттің азаматы екендігі және мемлекетаралық іздеуде екендігі анықталды. Ер адам 2022 жылдың қаңтарында Тәжікстан Республикасының құқық қорғау қызметтерімен аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін іздестірілді. Шетелдік ауданның уақытша қамау изоляторына қамалды. Полиция іздестіру бастамашысына хабарлады", – деді аудандық полиция бөлімінің бастығы Асқар Аралбаев.

 


Рекомендовать
Последние новости