Көлеңкелі экономиканы анықтау әдістемелеріне өзгерістер енгізілді. Енді олар жасырын кірістерді дәлірек анықтауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жоғары аудиторлық палата былтыр жыл соңында көлеңкелі экономикаға қарсы күрес бойынша мемлекеттік саясаттың тиімділігіне аудит жүргізген. Тексеріс барысында жасырын және заңсыз кірістерді есептеудің қолданыстағы әдістемелері ескіріп, көлеңкелі ақшаның көптеген нақты көздерін ескермейтіні анықталған.
Нәтижесінде бақыланбайтын экономиканы бағалау әдістемесі жаңартылды.
Бұрын ол білім беру, денсаулық сақтау және бос уақыт өткізу салаларын толық қамтымаған. Енді осы бағыттарды есептеу алгоритмдері өзектілендіріліп, толықтырылды:
- тауарларды қайта сату үшін әкелетін жеке тұлғалардың;
- мал өсірумен, ет сатумен, картоп және майлы дақылдар өсірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің;
- демалыс және ойын-сауық ұйымдастыру, көлік жуу бойынша қызмет көрсететін кәсіпкерлердің;
- ҚР аумағында табыс табатын шетел азаматтарының жасырын кірістерін есепке алудың жаңа тәсілдері енгізілді.
Мұның бәрі ресми статистикаға түспейтін кіріс көлемін дәл бағалауға мүмкіндік бермек.