Қазақстан бизнеске субсидия беру тоқтатыла бастайды

Көркем Алдабергенова 19 июн. 2025 11:57

Бүгін Сенатта сөйлеген сөзінде Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин үкіметтің бизнеске субсидия беру тетігін кезең-кезеңімен тоқтататынын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тек шағын бизнеске және субсидия алып отырған кәсіпкерлерге ғана қолдау сақталады.

"Субсидиялау механизмінен біртіндеп бас тартамыз. Бұл тетік тек шағын бизнес пен қазіргі уақытта субсидия алып отырғандар үшін ғана қалады", – деді Жұманғарин.

Оның айтуынша, қазіргі таңда субсидиялар тек 200 млн теңгеден аспайтын жобаларға – яғни шағын бизнес өкілдеріне ғана қолданылады. Сонымен қатар үкімет «Бәйтерек» холдингін 1 трлн теңгеге капиталдандырып, холдингтің қаржы институттары беретін несиелер үшін бірыңғай мөлшерлемені 12,6% деңгейінде бекіткен.

Сонымен қатар, екі кепілдік қоры құрылған. Вице-премьердің айтуынша, кепілдік беру арқылы қаржыландыру – субсидиялауға қарағанда инфляциялық қысымды аз тудырады. Ал «Даму» бағдарламасы аясындағы соңғы субсидиялар 2035 жылға дейін берілмек.


Рекомендовать
Последние новости