«Қазақмысқа» жұмысқа орналастырамыз деген желеумен алаяқтық жасағандар тергеуге ілінді

Көркем Алдабергенова 09 февр. 2026 11:17

«Қазақмысқа» жұмысқа орналастырамыз деген желеумен алаяқтық жасағандар тергеуге ілінді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ұлытау облысында «Қазақмыс» корпорациясына жұмысқа тұрғызамыз деп уәде берген алаяқтық деректері бойынша 9 қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Күдіктілер азаматтардан жұмысқа орналастыруға көмектесеміз деген сылтаумен ақша алып, уәделерін орындамаған. Жәбірленушілерге келтірілген шығын 16 млн теңгеден асады.

Полиция ескертеді:

  • Жұмысқа қабылдау тек ресми түрде, кадр қызметтері арқылы жүзеге асырылады;

  • Күмәнді ұсыныстарға сенбеңіз және алдын ала ақша аудармаңыз;

  • Алаяқтық белгілері байқалған жағдайда дереу полицияға хабарласыңыз.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove