Қайрат Нұрстас: «Бай болып көрінуге тырысамын»

Dalanews 12 июл. 2017 05:59 989

Қайрат Нұртас әлеуметтік желідегі парақшасына қымбат көліктердің алдында түскен суреттерін жиі жүктейді. Десе де, әншінің өзі олардың өзіне тиесілі емес екенін айтып, мұндағы басты мақсатын түсіндірді.

– Қайрат Нұртастың бюджеті “Қайрат” футбол клубынан 10 есе көп екені рас па?
– Мен көбінесе өзіме ұнаған көліктердің алдына барып суретке түсемін. Бірақ, ол міндетті түрде менің көлігім деген сөз емес. Осыдан кейін жұрт мені ақшасы мен көлігі көп деп ойлайды. Мысалы, күні кеше Rolls-Royce көлігінің алдына суретке түстім. Ал оның құны 500 мың доллар. Менің мұндай ақшам жоқ. Мені шетелдіктер де көретіндіктен, өзімді солай көрсетуіме тура келеді. Асып бара жатқан түгім жоқ. Аллаға шүкір, бай да, кедей де емеспін. Өзіме жеткілікті.

 

Дереккөзі: stan.kz

Рекомендовать
Последние новости