Қауіпті есірткі зертханалары жойылды

Сағыныш Сардарова 12 апр. 2024 12:43 3091

Биыл бірінші тоқсанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша 53 операция, оның ішінде 16 операцияны шет мемлекеттердің мүдделі құзыретті органдарымен бірлесе жүргізді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Іс-шаралар қорытындысы бойынша 18 халықаралық және 9 аймақтық есірткі жеткізу арнасы, сондай-ақ, 10 жасырын есірткі зертханасының қызметі жойылды.

Жалпы айналымнан 800 келіден аса есірткі мен психотроп заттар, 4 тонна көкнәр сабанының шикізаты және синтетикалық есірткі жасау үшін пайдаланылатын 10 тоннадан аса химиялық реагенттер алынды.

Алынған есірткі құны "қара нарықта" 5 миллиард теңгеден аса бағаланады, ал айналымға жіберілмеген көлем шамамен 4 миллион бір реттік доза болады.

ҰҚК халықаралық есірткі айналымына қатысы бар деген күдік бойынша 72 Қазақстан азаматы мен шетелдікке қатысты сотқа дейінгі тергеп тексерулер жүргізіп жатыр.


Рекомендовать
Последние новости