Алматы облысы "Таза Қазақстан" акциясын жүзеге асыруға тас-түйін дайын»

Жарбол Кентұлы 09 апр. 2024 09:59 2089

2024 жылдың 11 мамырына дейін өтетін "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясын өткізу мақсатында Алматы облысының іс-шаралар жоспары жасалды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоспарда елді мекендерді, мәдени-тарихи орындарды, су айдындары мен өзендердің аумақтарын санитарлық тазарту бойынша 5 ірі және 30 аудандық іс-шаралар өткізу, сондай-ақ жасыл желектерді отырғызу және күту қамтылған.

Шамамен 3,5 мың гектар жерді жинаумен қамту, 15 мың ағаш көшеттерін отырғызу, халықты және сала қызметкерлерін қамту 100 мыңнан астам адамды құрайды деп жоспарлануда.

Қазіргі уақытта акция аясында 30 000 ерікті жалғызбасты және қарт адамдарға үйлерін ретке келтіруге көмектесуде.


Рекомендовать
Последние новости