Қар, жаңбыр, бұрқасын: Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн нашарлайды

Қаракөз Амантай 12 нояб. 2025 07:30

12 қараша күні Қазақстанның басым бөлігінде қолайсыз ауа райы күтіледі. "Қазгидромет" мамандары бірқатар аймаққа дауылды ескерту жариялады. Көптеген өңірде қар мен жаңбыр жауып, көктайғақ, бұрқасын және тұман байқалады. Кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 20-25 метрге дейін күшеюі мүмкін, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Астана қаласында түнде және таңертең көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел кейінірек солтүстік-батыс және батыс бағытқа ауысып, екпіні 15–20 м/с дейін жетеді.

Абай облысында түнгі және күндізгі уақытта жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Оңтүстік пен шығыста тұман түсіп, кей жерлерде көктайғақ пен бұрқасын байқалады. Желдің жылдамдығы 15–25 м/с шамасында болады.

Ақтөбе облысында түнде және таңертең солтүстік пен батыс аймақтарда тұман түседі.

Ақмола облысында аралас жауын-шашын, көктайғақ және бұрқасын күтіледі. Батыс пен оңтүстікте тұман болады. Жел бағытын оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауыстырып, 15–20 м/с жылдамдықпен соғады.

Алматы облысында жел күшейіп, оның екпіні солтүстік және оңтүстік өңірлерде 15–20 м/с дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр мен қар, көктайғақ және бұрқасын болжанған. Түнде және таңертең тұман түседі. Желдің күші 15–25 м/с дейін жетуі ықтимал.

Жамбыл облысында түнде және таңертең, әсіресе таулы аудандарда тұман түседі. Таулы аймақтарда желдің екпіні 15–20 м/с шамасында болады.

Жетісу облысында шығыс бағыттағы желдің жылдамдығы 17–22 м/с дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қарағанды облысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, көктайғақ және бұрқасын болжанған. Желдің екпіні 15–20 м/с.

Қостанай облысында тәулік бойы жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ пен бұрқасын орын алады. Түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Қызылорда облысында солтүстік және орталық аймақтарда тұман түседі.

Маңғыстау облысында түнгі және таңертеңгі уақытта батыс пен солтүстікте тұман байқалады.

Павлодар облысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ және бұрқасын күтіледі. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында да ауа райы тұрақсыз — қар, жаңбыр, көктайғақ және бұрқасын күтіледі. Кей жерлерде тұман түседі.

Ұлытау облысында жауын-шашын аралас қар, көктайғақ пен бұрқасын болжанып отыр. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с шамасында.

Мамандардың айтуынша, мұндай ауа райы жол қозғалысына қиындық тудырып, коммуналдық қызметтердің жұмысына әсер етуі мүмкін.


Рекомендовать
Последние новости