Париждегі олимпиада ойындарына ұлын апарған Головкин сынға қалды

Көркем Алдабергенова 31 июл. 2024 16:22 1644

Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Париждегі олимпиада ойындарына ұлын апарып, сынға қалды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы саясаткер Талғат Қалиев жазды. 

"Аккредитациялық бейджикпен отырған бала - ҰОК президенті Геннадий Головкиннің баласы дейді. Головкин қазақстандық спортқа америкалық стандарт пен дәстүрді әкеледі деп сендік. Ал ол ескі әдеттерді одан ары күшейтіп жіберген сияқты. Шын лайық адамдар аккредитация алудың орнына, ол орындар Головкиннің ағасы мен ұлына беріліпті. Өкінішті...", - дейді Талғат Қалиев. 

Желі қолданушылары бұл жайтқа қатысты түрлі пікір жазған. 

"Егер расында солай болса, өкінішті екен. Бір жаманы - оның жанкүйерлері барын салып ақтап алады ғой"

"Түк өзгермеген"

Еске салайық,Головкин ресми түрде Құлыбаевтың орнына биыл 26 ақпанда келді. Бұған дейін ҰОК президенттігіне Тимур Құлыбаевтың орнына Геннадий Головкиннің кандидатурасы ұсынылған болатын. Тиісті құжат Tengri Sport редакциясына түскен.

Құжаттан 14 ақпанда ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің Тәуелсіз сайлау комиссиясының отырысы өткені белгілі болды. Шара барысында, атап айтқанда, президенттікке кандидаттарды ұсыну нысандары қаралды.

Ал қысқы спорт түрлері жөніндегі вице-министр қызметіне Асқар Маминнің кандидатурасы да ұсынылды.

 


Рекомендовать
Последние новости