Өзбек ағайындар Мақтаарал ауданының 90 жылдық мерейтойымен құттықтады

Dalanews 22 нояб. 2018 15:06 1358

Мақтаарал ауданының 90 жылдық мерейтойына еліміздің көршілес жатқан Өзбекстан Республикасынан бір топ делегация келіп, Сырдария облысының әкімі Ғафуржон Ғаниұлы Мирзаевтың құттықтау хатын жеткізді.

Тілі, діні, мәдениеті бір қазақ пен өзбек халықтарының достығы соңғы жылдары нығая түскенін, ақ алтын өндірумен аты шыққан Мақтаарал ауданының жетістіктерінен хабардар екенін Ғ.Мирзаев құттықтау хатында баяндаған.

Өзбекстандық делегациядан бөлек, әріптестік лебізін білдіріп, ауданымыздың қуанышымен бөліскен Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев, Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтахановтар арнайы құттықтау мен естелік сый жіберіп, мақталы мекеннің мерейін үстем етті.

Өз сөзінде Ж.Бейсенбаев ауданды 2 рет басқарған тұста мақтааралдықтардың ерен еңбегі мен жасампаз тірлігіне сүйсінгенін айтса, Е.Айтаханов қарқындап даму мен қарыштап өсу жолындағы шежірелі ауданның жетістігі -халықтың ынтымағы мен бірлігінің арқасында екендігін жеткізді.

– Мақтааралдың мерейлі мерекесімен бөлісіп, бауырластық танытқаны үшін Өзбекстан Республикасы Сырдария облысының әкімі Ғ.Мирзаев мырзаға, жер жәннәті Жетісай ауданының әкімі Ж.Бейсенбаев мырзаға және ордалы Отырар ауданының әкімі Е.Айтаханов мырзаға алғысымды білдіремін. Әрқашан мерейлеріңіз үстем болсын! – деді аудан әкімі Бақыт Нәсірханұлы Асанов.

 

Dalanews.kz

Рекомендовать
Последние новости