Отырар кітапханасын қашан табамыз?

Dalanews 20 апр. 2015 03:34 1537

Кітап маған тақтан да артық


У. Шекспир


Тарихта көптеген бұрмалаушылық кездесетіні жасырын емес, соларды әшкерелеумен, әділдікті қалпына келтірумен ұлы ғұламалардың көпшілігі айналысқан. Солардың бірі - М.Шоқай аты аңызға айналған Египеттегі атақты Александрия кітапханасының өртелуі жайлы қауесетті зерттеуге ден қойды. Бұл мәселенің ақ-қарасын анықтау бізге, қазақтарға, өте қажет. Себебі, Отырар кітапханасының көлемі жағынан әлемдегі екінші кітапхана болып саналатыны баршаға аян. Сонымен қатар, атақты Александрия кітапханасының өртелуін бүкіл христиан әлемі мұсылмандарға жаба салғандығы да дау тудырады.

[caption id="attachment_10215" align="alignleft" width="98"]omarov-199x272 Еренғайып Омаров[/caption]

Еренғайып Омаров,

Қайнар университетінің ректоры, академик

[caption id="attachment_10211" align="alignright" width="418"]Александря Александрия[/caption]

Александрия кітапханасын кім өртеген?

Алдымен екінші мәселені қарастырайық. М. Шоқай бұл жайлы: «Бұған түркиялық бауырларымыздың жауап беру, бермеуі, жауап берсе, қалай берері бізге беймағлұм» деп реніш білдіреді де, одан әрі былай дейді: «Александрия кітапханасын Халифа Әмірдің өртегендігі туралы хикая бүкілдей жалған. «Таң» газетінің 1923 жылғы 30 наурыздағы санында жарияланған Франция Ғылым Академиясының рапортында (Academie des inscriptions et belles- Lettres) айтылғандарға қарағанда, бұл оқиға алғашқы дәуір тарихшыларына беймағлұм. Ол тек 12  ғасырдың ортасында ғана пайда болған». Яғни, одан бұрынғы құжаттарда кездеспейтін себебі де сондықтан болар.

Ендеше, Александрия кітапханасын кім, қашан өртеген деген сұрақ туады. Орыс тіліндегі Брокхауз-Эфрон сөздігінде (1891) былай делінген: «…Александрия кітапханасының бүкіл Рим, Грек, Үнді және Мысыр әдебиетін сақтаған ең үлкен бөлігі біздің жыл санауымыздан бұрын 48-47  жылдарда Юлий Цезарь мен мысырлықтар арасындағы сұрапыл соғыс кезінде өртеніп кеткен… Кітапхананың екінші бөлімі, яғни Птоломей заманында жинақталған шағын кітапхана Феодосия дәуіріне дейін сақталған. Оны басқарып тұрған Серафим ертедегі мысырлық алмандардың бірінің ғибадат етуіне кектеніп, партриарх Теофильдің үгіттеуімен Серпион махалласына шабуыл жасаған жауыз христиандар жағынан өртелген болатын (391 ж.). Сонымен атақты ғылым қазынасы әмір әскерлерінің 642 жылғы жорығынан емес,   христиандардың шабуылынан ойрандалған».

Қазіргі замандағы ғылымда да, не араб басқыншылығы кезіндегі ойран мен талан-тараж туралы көп жазған Иоанн Никиуский де, не өзге бір исламға қарсы христиан тарихшысы да кітапхананың өртенгені туралы дерек келтірмейді. Сондықтан, кітапхананың жойылғандығын белгілі бір оқиғамен байланыстыру мүмкін емес және бұған пұтқа табынушылар, христиандар немесе мұсылмандар кінәлі деп кесіп айту қиын. Бұл туралы нақты пікір жоқ. Мәселен, Плутарх Цезарды, Эдуард Гиббон христиандарды, Григорий Бар-Эбрей мұсылмандарды кінәлайды, ал Британ Энциклопедиясының авторлары бар кінәні Рим императоры Аврелианға артады.

Сонымен, М.Шоқай бүкіл мұсылман қауымының атынан үлкен тарихи бұрмалаушылықты ғылыми тұрғыдан түзетті.

Енді қазаққа қатысты деген жеріне тоқталайық! М. Шоқай  тағы өз сөзін жалғастыра келе, былай дейді: «Көріп отырсыздар, Александрия кітапханасы Александрия қаласын арабтардың жаулап алуынан 250 жыл бұрын, «патриарх Теофиль бастаған христиандар қолымен өртелгені туралы аңыз 12  ғасырдың орталарында туылды» дегенін еске алыңыз. XI-XII ғасырларда Батыстағы христиандардың Шығыстағы Исламға қарсы крест жорықтары болғанын орта мектептік білімі бар кез келген адамның білмеуі мүмкін емес. XII ғасырдың ортасы екінші крест жорығының соңы мен үшінші крест жорығының аралығына тура келеді. Екінші крест жорығында христиандық Еуропа сәтсіздікке ұшырады. Шабуыл жасаушылар Дамаскіні қоршап алғанымен, жеңіліске тап болып, кері шегінуге мәжбүр болған еді. Міне, сол кезде христиандардың мұсылмандарға қарсы өшпенділігін арттыру мақсатымен «Александрия кітапханасының Әмір тарапынан өртелуі» туралы жалған аңызды ойдан шығарып тарату қажеттілігі туған болса керек». Жоқ, бұл жалаға сенуге болмайды, кітапхананы мұсылмандар өртеді деп жала жабудың себебі, бұндай нашар пиғыл ислам дінін мұқату, мұсылмандарды өркениеті жоқ халықтар деп көрсету тәрізді шолақ ойлы адамдар пікірінен туындаған болуы мүмкін.

Отырар кітапханасында қанша кітап болды?

[caption id="attachment_10212" align="alignleft" width="281"]Кітапхана Астанадағы Отырар кітапханасы[/caption]

Логика деген ғылым бар, соған жүгінсек, осы тұста өркениетке қатысты үлкен ғылыми жаңалықтың көзі ашылайын деп тұр. Сонымен, атақты Александрия кітапханасы 391 жылы өртелген болса, ал Отырарды Шыңғысхан 1220 жылы қиратқаны белгілі. Отырар кітапханасы өртенбесе де, тағдыры жанашырлық кейіпте. Халықтың кітапхананы жақсы көргендігіне таңданбасқа болмайды. Бастарына қатер төніп тұрғанына қарамастан, кітаптарды жер астында орналасқан құпия үңгір-қалашыққа (катакомба) тыққандары- тарихтың алдында жасаған үлкен ерлік, ұрпақтың келешегіне деген риясыз қамқорлық. Фирдоусидің «Шахнама» кітабында батырдың жер астындағы үңгірлермен қоршалған қаладан шығып кеткені жазылды. Тіпті Геродотта, Парсылардың патшасы Кир Орта Азия қалаларын басып алғанда, халық сондай үңгірлер арқылы құтылып кететін, байлықтарын тығып қоятын деп жазған. Кейін парсылардың бір патшасы Қызылорда жақтағы ескі қалалардың бірін қазып, үлкен қазына тапқан. Сол қазынаны 12 жыл қатарынан қазып Иранға тасыған екен, міне, қандай мол байлық!

Ал, дәлел ретінде, осыдан шамасы 30 жыл бұрын, не одан ертеректе, қой бағып жүрген бір шопанның иті үңгірден сырты терімен қапталған араб тілінде жазылған көне кітап тауып алған. Ұмытпасам, шопанның аты Нұрмағанбет, кітапты Отырар қалашығының қасынан тапқан, яғни, сол кітапхананың кітабы болуы әбден мүмкін. Африкадағы Мали мемлекетінде Туарег деген көшпенді халық бар, солардың астанасы болған Тумбукту қаласында дүние жүзіндегі ең бірінші университет ашылған болатын. Сол Туарег халқы осы күндері де кітаптарын әр жанұя, әр жерде, даладағы құмда сандыққа салып, жерге көміп сақтайды екен. Осының бәрін мысал етіп жатқан себебім, Отырар кітаптары да сақтаулы, жер астында көміліп жатыр. Сондықтан, Отырар кітапханасын іздеу жұмыстарын күшейте түсу керек, оған соншалықты көп ақша кетпейді деп ойлаймын.

Сонымен, Отырар кітапханасы 1220 жылы көмілсе, ал Александрия кітапханасы 391 жылы өртелген болса, осы  екі аралықта (830 жыл) үлкен кітапхана Отырарда ғана болған!

Дегенмен   асықпайық, Отырар мен оның кітапханасы қай кезден бастап өмір сүрген екен? Отырар шамамен V ғасырда белгілі бола бастаған. Екінші жағынан Таразға 2000, Сайрамға 3000 жыл деп есептесек, Отырардың да жасы сол шамалас болар, яғни, кемі екі мың жыл. Себебі Отырар ең қолайлы жерде, Арыстың Сырдария өзеніне құяр жерінде орналасқан. Ол кітапхана сақталса, ондағы кітаптар – Вавилонның қыштан күйдірілген тас кітаптарынан бастап, түрік, парсы және қытай тіліндегі кітаптар болуы мүмкін. Арабтар мұсылмандықпен қатар, араб тіліндегі кітаптарды ала келген. Қытай тіліндегі кітаптарды ғұндар оқи алған және ғұндардың өздері де ежелгі түрік, ғұндардың тілінде кітап жазып, географиялық карта сызған. Соңғы ғылыми жаңалықтарға сүйенсек, қаңлылардың өз жазуы болған және алғашқыда оларда қышқа жазып күйдіріп сақтаған. Бұларға сақтарды қосыңыз, олар түрікше және парсыша білген.

Орыстың книга деген сөзі кітап сөзінен шыққанын білеміз. Қазан университетінің типографиясы шығарған ХІХ ғасырдағы 400 кітаптың тең жартысы таза қазақ тілінде басылған екен.

[caption id="attachment_10213" align="alignright" width="396"]hqdefault Көне кітаптар[/caption]

Ең үлкен кітапхана қайда?

Сонымен, «Көшпенділер кітап жазды ма?» - деген заңды сұрақ туады. Жауап – ия, олар кітап жазды. Мұндай кесімді жауап француз ғалымдары Делез бен Гватари құрған «номадология теориясынан» (көшпенділер теориясынан) келіп шығады. Олар былай дейді: «Біз тарихты отырықшы тұрмыс салтын ұстанған адамның көзқарасы тұрғысынан жазамыз... Тарих ешуақытта сыртқы дүниені түсінбеген». Мүмкін, номадологтар дұрыс айтатын болар, тарихты, тіпті, жалпы кітапты қазақ даласында қаланы мекендеген отырықшы қазақтар жазулары мүмкін ғой.Тарихшы У.Шәлекеновтың пікірінше, қазақтардың басым көпшілігі отырықшы болған және қалаларда тұрған. Сонымен ертедегі қазақтар кітап жазған, көп жазғаны соншалық, жазуға арналған жаңа материалды ойлап табуға тура келген. Бұрын негізінен теріге жазатын, ондай кітаптар ауырлау келеді. Бұған біздің дәуіріміздің басында Қазақстанның оңтүстігінде, Таразда қағаздың ойлап табылғаны дәлел бола алады. Шамасы, қағазды әлемдегі ең ірі кітапхана орналасқан Отырар қаласына жақындау жерде дайындаған болар. Сондай-ақ, VІ ғасырда Арал теңізінің солтүстігіндегі ел билеген сақтардың патшайымы Аққағаз туралы да мәлімет бар. Аққағаз – қазақ тілінде де «ақ қағаз» деген ұғымды білдіреді. Олай болса, қағазды қазақтар қолданғандықтан, оларға таныс болып тұр ғой! Ақ қағазбен қатар жасыл, көк, сары яғни түрлі түсті қағазда дайындалған болар. Балаға есімді ата-анасы немесе рудың үлкендері қоятынын ескерсек, қазақтар ІІІ-V ғасырларда-ақ қағазды білген болып шығады. Сақтар патшайымы Аққағаз туралы Қытай дереккөздерімен танысқан танымал француз ғалымы Э. Шаван жазған. Әрине, кітаптар негізінен Жібек жолының көмегімен жиналған.
Ал енді тым батыл шешім айтар болсақ, Александрия кітапханасының басым бөлігінің өртелуі б.д.д. 47 жылға тиесілі екенін ескерсек, өрттен аман қалған кітаптары бар болған күннің өзінде, Отырар кітапханасының қорынан аз болуы мүмкін. Олай болса, Отырар кітапханасы 1000-1200 жыл шамасындай уақыт дүние жүзіндегі ең үлкен кітапхана болған! Мың жыл деген аз уақыт емес

Отырарға дейін де, одан кейін де қазақ жерінде кітапханалар болғандығы белгілі. Орыс патшасы Петр бірінші ұйымдастырған экспедиция 3 ғасыр бұрын Семей қаласының маңынан сақтардың жазған кітаптарының 3000 данасын тапқандығы сөзімізге дәлел. Ол кітаптар көк қағазға ақ әріптермен жазылған екен. Кітаптар түптелген, сондықтан салмағы ауыр болғандықтан, үшеуін ғана алып кеткен екен, олардың көшірмесі Парижге жіберіліпті. Қалған 2997 кітаптың тағдыры белгісіз делінген (интернеттегі «википедия энциклопедиясынан»).  Бір жерден 3000 кітап табылса, ол жерде кітапхана болды деген сөз!

Атақты Александрия кітапханасын Египеттегі Александрия қаласында Македонскийдің бұйрығымен атақты Птолемей II б.з.д. III ғасырда салды. Ол да себепсіз емес, Зұлқарнайын Орталық Азияны жаулап алғанында кітапханаларды көріп, тамсанып қызыққан болар?! Олай дейтінім, алғашқы кітапхананы Шумерлерді 600 жыл билеген біздің даладан шыққан көшпенділер – Қасситтер (қассақтар) ойлап тапқан.

Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, біздің жыл санауымыздың басынан бастап Отырар қаласы да, кітапханасы да көтеріле бастаған. Жарайды, 341 жылға дейін кітапхана кішкентай болды деп есептейік, екінші орында болған шығар. Бірақ әлдекімнің сол кітаптарды салыстырып санады дегеннің өзі күмәнді. Александрия кітапханасы 391 жылы өртелген болса, Отырар кітапханасы сол жылдан бастап бері қарай, яғни 830 жылдай әлемдегі ең үлкен кітапхана болып тұрған! Ал енді тым батыл шешім айтар болсақ, Александрия кітапханасының басым бөлігінің өртелуі б.д.д. 47 жылға тиесілі екенін ескерсек, өрттен аман қалған кітаптары бар болған күннің өзінде, Отырар кітапханасының қорынан аз болуы мүмкін. Олай болса, Отырар кітапханасы 1000-1200 жыл шамасындай уақыт дүние жүзіндегі ең үлкен кітапхана болған! Мың жыл деген аз уақыт емес. Рим империясынан да үлкен. Олай болса, неге ғылым бұл мәселені біле тұра сөз етпеген деген ой туады. Менің ойымша, ғалымдардың көпшілігі үшін бұл бір кішкентай мәселе сияқты, соны зерттеп әуре болғылары келмейді. Менің өзім де екінші орынның өзі де Отырар кітапханасы үшін төмен емес қой деп ойладым ба, кім білсін. Бірақ бір мақаламда ең үлкен кітапхана Отырарда болған деп батылдау жазып жіберсем де, нақты дәлелдер келтіре алмаған едім, ондай мақсатым да болмады.

[caption id="attachment_10214" align="alignleft" width="267"]скачанные файлы (1) Әл-Фараби бедерленген ақша[/caption]

Бірінші ұстаз кім?

Жалпы, осы екінші дегеннен шығады, тарихты зерттеп, жазатындардың көпшілігі еуропалықтар, ал біздің тарихты большевиктер құрастырды. Әрине, олар бізге бірінші орынды қимайды. Әл-Фарабиді «Екінші ұстаз» деп жүргендері де кездейсоқ емес-ау осы? Оның бір еңбегінің атында «екінші ұстаз» деген сөз бар екен-мыс, сондықтан оны солай атап кеткен деген болжам бар. Ал осы «екі» сөзі қайдан шыққан? Түрік тіліндегі жұмыстарында Фарабидің Саманид мемлекетінде болып қайтқандығы айтылады. А.Абнан XV ғ. Мулла Лутфидің «Кашф әз-Зунун» кітабына сүйеніп, Фараби өз отаны Түркістанда жүргенде Саманид Мансур ибн Нухтың өтінішімен «Әт-Тағлим әс-Сани» («Екінші тәлім») еңбегін жазғанын айтады. Фарабидің Аристотельден кейінгі «Муғали әс-сәни», яғни (Екінші Ұстаз) атануы дәл осы жағдаймен байланыстырылады. Мен бұл жерде «Әт-Тағлим әс-Сани» –  «екінші тәрбие» деген мағынада айтылған деп ойлаймын. «Әт-Тағлим әс-Сани» кітабы «Сиуан әл-хикма» Исфаһан кітапханасында сақталған, Ибн Сина философия мәселелерін осы кітаптан оқыған. Бірінші ұстаз деп жүргендері – Аристотель, ол негізінен Александр Македонскийді ғана оқытты ғой. Ондай күн көріс үшін бір кісіні оқытқан ғалымдар жетіп жатыр. 1997-98 жылдар арасында Алматыда өткен ғылыми конференцияда бір араб ғалымы, аты есімде қалмапты, әл-Фарабиді біз бірінші ұстаз деп есептейміз дегені бар. Әл-Фараби де, Яссауи да осы Отырар кітапханасынан білім алғандар. Сол замандардан қазақ даласынан шыққан 40-тан аса ғұламаның аты тарихта қалған, қаншасының аты бізге жетпеді.
 Сонымен ертедегі қазақтар кітап жазған, көп жазғаны соншалық, жазуға арналған жаңа материалды ойлап табуға тура келген. Бұрын негізінен теріге жазатын, ондай кітаптар ауырлау келеді. Бұған біздің дәуіріміздің басында Қазақстанның оңтүстігінде, Таразда қағаздың ойлап табылғаны дәлел бола алады.

Авестаның отаны қай жер?

Мәдениет пен өркениеттік тұрғыдан алғанда кітапхана бар жерде жазу, сызу, білім мен ғылым бар деген сөз. Кітапхана бар жерде мектеп, медресе, біздің заманмен салыстырғанда университет міндетті түрде орналасатын. Кітап - ғылымның негізгі құралы, қайнар көзі. Кітап шығаратын жерде қағаз өндіру өнері, кітап баспаханалары да дамиды. Оған қоса қалалар салынып, халықтың мәдениеті де артады. Кітапханасы бар қалаға ғалымдар да шоғырланады және ондай қаладан атақты ғұламалар міндетті түрде шығады. Нағыз өркениет деген - осы және бұл - Қазақ Өркениеті. Отырар кітапханасының мәселесін көтермесек, қазақ өркениеті жабулы қазан күйінде қала бере ме, кім білсін!? Кітап жазып, оларды кітапханаларға алғашқылардың бірі болып жинаған өркениетті халық екенбіз, бірақ соны аса қастерлемейміз.

Бірде жолым түсіп Александрияға барғанда алдымен кітапханасына барсам, ішінде кітапқа арналған ескерткіш тұр екен. Сондай ескерткіш Үргеніш қаласында атақты Авеста кітабына қойылған. Авестаның отаны - қазақ даласы дейді белгілі тарихшы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры Уахит Шәлекенов. Ойлап қарасақ, көне заманнан бастап кітап жазып, оқып келе жатқан халық екенбіз, сонда өркениеттің діңгегі қазақ даласында көтерілмесе, қай жерде болмақ?

Сонымен, Отырар кітапханасы өз заманында әлемдегі ең үлкен кітапхана болған!, кітапты өркениетті ел ғана жазады. Кітап пен кітапхана- өркениеттік категория.

Ендігі мақсат- сол кітапхананы қазып, мол мұраны іздеу жұмыстарын бастау, жер астында шамамен бес жүз мыңдай кітап жатуы мүмкін. Соның жартысын тапсада қандай олжа, әрқайсысын аукционнан сатып, қырғын ақшаға кенелеміз. Кітаппен қатар алтын сияқты бағалы заттар да көмілуі әбден мүмкін.  Ерте заманда  парсылардың бір патшасы Қызылорда жақтағы ескі қалалардың бірін қазып, үлкен қазына тапқан. Сол қазынаны 12 жыл қатарынан Иранға тасыған екен, міне, қандай мол байлық!  Олай болса, жер асты қойнауында көмілген жауһарларымызды өз иесі - қазақ халқының қолына табыстау - адамгершілік пен ұрпақ борышын сезінген әр елін сүйетін азаматтың міндеті болса керек.

 

 

Рекомендовать
Последние новости