Оңтүстік Кореяда жол апатынан төрт қазақстандық көз жұмды

Көркем Алдабергенова 27 мар. 2025 20:56 515

Оңтүстік Кореяда жол апатынан төрт қазақстандық көз жұмды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қайғылы оқиға бейсенбіге қараған түні, жергілікті уақыт бойынша 00:30 шамасында Кёнгидо провинциясындағы Хвасон қаласында орын алды. Mercedes-Benz көлігіндегі төрт адам жол бойындағы қоршауға соғылып, соққыдан көлік бірнеше метрге ұшып, өртеніп кеткен.

Өрт 30 минут ішінде сөндірілді. Оқиға орнынан төрт қазақстандықтың денесі табылды. Бұл туралы Korea JoongAng Daily басылымы жазды. 

Қазір олардың кім екені анықталып жатыр және полиция тергеу жүргізіп жатыр.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл жайтқа қатысты әлі пікір білдірмеді. 


Рекомендовать
Последние новости