Өмірзақ Шөкеев: «Әкімнің басты міндеті – халыққа қызмет ету»

Dalanews 03 апр. 2022 06:40 1052

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қоғамның түрлі топ өкілдерімен кездесуді жалғастырып жатыр. Аудан, қалалардағы жұмыс сапарларында жергілікті ақсақалдармен, зиялық қауыммен сұхбаттасуды әдетке айналдырған өңір басшысы Түркістандағы «Farab» кітапханасында жастармен, Қ.А.Ясауи атынағы ХҚТУ-де ұстаздармен жүздескен болатын.

Күні кеше ғана Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы бірқатар нысандарды аралап, мемлекеттік қызметшілермен, дәрігерлермен, тұрғындармен кездесті. Қаланы аралап жүріп, жұртшылықпен еркін форматта әңгімелесіп, пікірлерін, өтініштерін тыңдады.

– Түркістан өңіріндегі өзгерістерді өздеріңіз көріп жатырсыздар. Тарихи шаһар жаңарып, өзгеруде. Мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілуде. Енді тұрғындар да өздері тұратын аумақты таза ұстап, қаланың гүлденуіне үлес қосулары тиіс. Әкімнің ең бірінші міндеті – халыққа қызмет ету. Арнайы қаланы аралап, елдің пікірін тыңдап жүрмін. Сіздерде жағдай дұрыс болса, ол – біз үшін үлкен қуаныш. Он бес мыңнан астам пәтер пайдалануға берілді, 100 мыңға жуық тұрғынға инфрақұрылым салынды. Мемлекеттік қызметшілері мен дәрігерлерге де қолдау көрсетілуде. Азаматтар мемлекет сенімін ақтап, адал қызмет етуі тиіс, – деді Өмірзақ Шөкеев.

Департаменттер үйіндегі тіс емханасының, асханасының жұмысымен танысу барысында ол мемлекеттік қызметшілермен жүздесіп, пікір алмасты. Мемлекеттік қызметшілер мен дәрігерлердің ой-пікірлерін, өтініштерін тыңдады.



Облыс әкімі Түркістандағы жаңадан пайдалануға берілген тұрғын үй кешендерінің тұрғындарымен де кездесті. «ИнтерКонстракшн» ЖШС-і мен Рысбеков пен Баялиев көшелерінің тұрғындарымен жүздесу барысында олардың өтініштері мен мәселелері тыңдалды. Тұрғындар балалар алаңшасын салу, кәріз жүйелерін жетілдіру жөнінде мәселе қозғады. Елмен етене еңбек етіп жүрген басшының жұмысын оң бағалады. Өңір басшысы Түркістан облысы құрылған 4 жылға жуық уақыт ішінде Түркістан қаласын кәріз жүйесімен қамту ісі үш есе артқанын мәлімдеді. Бұл бағытта жұмыстар жалғасатынын жеткізді.

Өмірзақ Шөкеев бүгін «Ақжайық» музыка мектебінің ғимаратында Түркістан қаласының тұрғындарымен жүздесті. Кездесу барысында облыс әкімі өңір мен Түркістан қаласында атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады. Сонымен бірге проблемалық мәселелерге тоқталып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы баяндады.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Түркістан облысының құрылуы тиімді және ұтымды болғанын атап өтті. Жалпы, Түркістан облысы құрылғалы бері әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі едәуір артты. Экономиканың басты көрсеткіші болып табылатын жалпы өңірлік өнімі 2018 жылмен салыстырғанда анағұрлым артып, 2,6 трлн теңгені құрады. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 707,8 млрд. теңгені құрап, 3,6%-ға артты, – деді Өмірзақ Шөкеев.


Облыстың өнеркәсіптік әлеуетін дамыту мақсатында 2021 жылы жалпы құны 186,6 млрд. теңгені құрайтын 34 инвестициялық жоба іске қосылған. Ауыл шаруашылығында 906,5 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 101,7%-ды құрады. Егіс көлемі 845500 гектарға орналастырылып, жоспар 2100 гектарға артығымен орындалған. Жаңадан 122 гектарға жылыжайлар салынып, жалпы көлемі 1467 гектарды құрап отыр. Елімізде экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің 75 пайызы, қой етінің 40 пайызы Түркістан облысының үлесінде.

Түркістан қаласының инфрақұрылымы толық қаланып, шаһарды дамытудың екінші кезеңі басталды. Санақ нәтижесі бойынша қала халқы 56356 адамға өсіп, тұрғын саны 221 102-ге жетті. Жаңадан халықаралық әуежай, әкімшілік-іскерлік және рухани-мәдени орталықтары салынды.

Рекомендовать
Последние новости