Назарбаевтың қайда жүргені белгілі болды

Көркем Алдабергенова 12 сент. 2024 11:20 5033

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев Бұқарада жүр, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Өзбекстандық бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, ел президенті Шавкат Мирзиёев Назарбаевпен бейресми кездесу өткізген. 

Экс-президент Бұқарада ежелгі архитектуралық нысандарды көріп қайтқан. 

Бұхараның қасиетті жерлеріне барған кезде олар мұндай жерлердің қоғам өміріндегі, әсіресе жастарды тәрбиелеудегі рөлін және олардың ағартушылық тұрғыдан маңыздылығын талқылаған. Бұл туралы Газета.uz жазды. 

Артынша Шавкат Мирзиёев Ташкентке қайтып кеткен. 


Рекомендовать
Последние новости